Қазақы дәстүрге сай ерекше атмосфера, хош иісті гүлдерге толы сәнді зал және арнайы ойластырылған дресс-код… Баян Мақсатқызы мен Тұрсен Алагөзов қос қызының бір жасқа толған қуанышын «ертегілер әлемі» форматында атап өтті.
Кеш қонақтары түрлі образдағы қойылымдарға куә болып, Алиса мен Алманың ата-анасы орындаған әсем әнді тыңдады. Екі кішкентай ханшайымның тұсауын әпкелері Айсәуле Бақытбек пен Аша Матай кесті. Айта кетейік, Аша бөбектердің бірінің кіндік шешесі.
Жұлдызды отбасы қуанышты күнге жиналған меймандарын әдемі декорациялармен ғана емес, мол дастархан мен тәтті тағамдарға толы мерекелік көңіл-күймен де қуантты.