90-жылдардағы күңгірт тері қайта трендке оралды ма?
Фото. Shutterstock. Автор. Pavel_dp

90-жылдардағы күңгірт тері қайта трендке оралды ма?


Соңғы бірнеше маусым бойы жарқыраған, «майлы» әсердегі тері ең сәнді тренд деп жиі айтылып жүр. Алайда біз назардан тыс қалдырған тағы бір басты тенденция бар. Harper’s BAZAAR France мәлімдеуінше, 90-жылдардағы «матовый» яғни күңгірт тері әсері бьюти әлеміне қайта оралуда.

Еске салсақ, бұл — Кардашьян-Дженнер отбасының жұлдыздары сүйіп қолданған 2010-жылдардағы ауыр макияж емес, керісінше денсаулық пен табиғи сұлулықты үйлестіретін тренд. Қазір индустрия заманауи, практикалық косметикалық пудралар ұсынып отыр: олар теріні күңгірт етеді, бірақ сонымен бірге жеңіл табиғи жарқыл қалдырады. Қалай болғанда да, табиғи көрініс әлі де басты құндылық.

90-жылдардағы күңгірт тері қайта трендке оралды ма?
Фото. Shutterstock. Автор. Viktoriya Pavliuk

Айтпақшы, мінсіз реңкке жету үшін жаңа буынның жеңіл, салмақсыз текстуралы өнімдерін қолдануға болады. Тәжірибелі визажистер дұрыс техника туралы ұмытпауға кеңес береді: пудраны тек белгілі бір аймақтарға жағу керек. Сонда тері «тыныс алатын» күйде қалады. Ең басты аймақтарға — көз астындағы шұңқырлар, мұрынның ортасы, Купидон доғасы және иек жатады. Бастысы — өнімді жақсылап растушевка жасап, тегіс, жұмсақ қимылмен жағу. Сол кезде табиғи әсерге оңай қол жеткізесіз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше