Интервальді ашығу: кімдер үшін қауіпті болуы мүмкін?
Фото. Shutterstock.com.

Интервальді ашығу: кімдер үшін қауіпті болуы мүмкін?


Интервальді ашығу – бүгінде миллиондаған адам ұстанатын салмақ тастауға арналған заманауи әдістердің бірі. Бұл тәсілді жақтаушылар белгілі бір уақыт аралығында ғана тамақтану арқылы денедегі май мөлшерін азайтуға болады деп сенеді, деп хабарлайды People басылымы.

Алайда диетологтар мұндай тікелей байланысты дәлелдейтін зерттеулер әлі жеткіліксіз екенін алға тартады. Иә, жақсы нәтиже көрсеткен жағдайлар баршылық. Бірақ бұл – интервальді ашығу барлығына бірдей жарайды деген сөз емес.

Интервальді ашығу: кімдер үшін қауіпті болуы мүмкін?
Фото. Shutterstock.com.

Мамандардың айтуынша, бұл әдіс қант диабетімен ауыратындарға, балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге мүлдем қарсы көрсетілген. Себебі бұл санаттағы адамдар үшін мұндай шектеу денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Оның орнына олар үшін тағам қабылдау санын қысқартпай, азық-түлік сапасына мән берген әлдеқайда пайдалы.

Айта кетейік, бұл ереже интервальді ашығуды ұстануға бел буғандар үшін де маңызды. Егер сіздің мәзіріңіз әлі де қарапайым көмірсуларға, қантқа, ұннан жасалған өнімдерге, газды сусындар мен түрлі соустарға толы болса, онда сіз нәтижені көрмейсіз әрі бұзылып кету қаупіңіз жоғары болады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше