Жаз мезгілінде ақ түсті лак — уақыт сынынан өткен классика. Ол қолыңызды күтімді етіп көрсетіп, сергектік әсерін береді. Алайда биыл бұл реңк нәзік әрі жұмсақ нұсқасына жол беріп отыр — сөз кокос маникюрі туралы.
Бұл — кокос сүті мен жұмсағынан шабыт алған сүттей, кілегейлі және інжу түсті реңктер. Қардай аппақ түске қарағанда, ол теріге тым кереғар болмай, табиғи әрі жұмсақ көрінеді: дерманың реңімен үйлесіп, теріге жарқырау мен сергектік сыйлайды.
Мұндай тырнақ бояулары кокос етін еске салатын күңгірт-крем түсте, аздап қызғылт не ашық қоңыр реңк қосылған сүтті, жартылай мөлдір, не күн сәулесінде әдемі ойнайтын жарқыраған немесе жартылай күңгірт финиште болады. Атауларынан milky white, coconut cream, ivory glow, sheer almond секілді жазбаларды іздеңіз. Бұл реңктер кез келген тырнақ пішініне жарасады: қысқа не ұзын, сопақ, миндаль пішінді немесе төртбұрышты, табиғи не жасанды. Сонымен қатар олар нюд макияжымен, ашық киімдермен және алтын түстес күнге күйген терімен керемет үйлесіп, еш күш жұмсамай-ақ жазғы жарқын образ сыйлайды.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.