15–21 желтоқсанға арналған апталық жұлдыз-жорамал: кеңестер, ұсыныстар және тағы басқа ақпараттар
Фото. Аружан Әукенова.

15–21 желтоқсанға арналған апталық жұлдыз-жорамал: кеңестер, ұсыныстар және тағы басқа ақпараттар

15 декабря 2025

Біз алдағы жеті күнге арналған астрологиялық болжамды зодиактың барлық белгілері үшін дайындадық. Бұл жорамалдан болашаққа қатысты ишаралар мен маңызды шешімдер қабылдауға көмектесетін кеңестер таба аласыз. 15–21 желтоқсан аралығына арналған апталық жорамалмен танысып, өміріңізге әсер етуі мүмкін үрдістерді біліп алыңыз.

Тоқты

Апта тыныш әрі болжамды қарқынмен өтеді. Айтарлықтай өзгерістер мен күтпеген жағдайлар күтілмейді. Бос уақытыңызды сабырлы демалысқа — көркем әдебиет оқуға немесе уақыт сынынан өткен фильмдерді көруге арнағыңыз келуі мүмкін. Жеңіл әрі юморға толы сюжеттерді таңдаған жөн.

Торпақ

Тәуекелге бел буудан тартынбаңыз. Өз идеяларыңызды басшылыққа немесе серіктестерге ашық айтыңыз. Ұсыныс қолдау таппаса да, ештеңе жоғалтпайсыз. Ал қолайлы жағдайда мансаптық өсуге немесе ауқымды әрі маңызды жобаға қатысу мүмкіндігі туындауы ықтимал.

Егіздер

Аптаның алғашқы жартысы ең өнімді болады. Күрделі және жоғары зейінді талап ететін тапсырмаларды сәрсенбінің соңына дейін жоспарлап үлгеруге тырысыңыз. Бейсенбіден бастап энергияңыз азаюы мүмкін, сондықтан демалыс күндерін тынығуға және күш жинауға арнаған дұрыс.

Гороскоп на неделю с 15 по 21 декабря: советы, рекомендации и другое
Фото. Аружан Әукенова.

Шаян

Сенім артатын адамдардың пікірлері мен кеңестеріне құлақ асыңыз. Маңызды бір ой немесе нұсқау айналаңызда бұрыннан айтылып жүріп, назардан тыс қалған болуы мүмкін. Кейде мақсатқа жету үшін жағдайды күрделендірмей, бұрыннан сыналған шешімдерді қолдану жеткілікті.

Арыстан

Ішкі алаңдаушылық пен істерді ұйымдастыруда қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл кезеңде жаңа жобаларды бастауға немесе романтикалық қарым-қатынастарға қадам жасауға кеңес берілмейді. Бұрын басталған жұмыстарды аяқтап, жинақталған тәжірибені талдаған әлдеқайда пайдалы болады.

Бикеш

Қарым-қатынаста әдептілік танытыңыз. Эмоциялық сезімталдықтың артуы сөздеріңіздің ойлағаныңыздан өткір қабылдануына әкелуі мүмкін. Әсіресе өзгелердің сырт келбеті мен кәсіби қызметін бағалауда барынша сақ болған жөн.

Гороскоп на неделю с 15 по 21 декабря: советы, рекомендации и другое
Фото. Аружан Әукенова.

Таразы

Алдағы апта ерекше ойлайтын, шығармашылық әлеуеті жоғары адамдармен қызықты таныстықтар сыйлауы мүмкін. Бұл байланыстар кәсіби немесе креативті ортадағы беделіңізге оң әсер етіп, ауқымды әрі батыл идеяларға шабыт беруі ықтимал.

Сарышаян

Егер белгісіздік сезініп, қай бағытты таңдау керегін білмей жүрсеңіз, ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Апталық жорамалға сүйенсек, дәл қазір интуицияңыз аса дәл жұмыс істейді және шешім подсана деңгейінде әлдеқашан қалыптасқан болуы мүмкін. Тек логикаға емес, өз сезімдеріңізге де сүйеніп әрекет етіңіз.

Мерген

Өзгелердің сезіміне жанашырлық танытып, мұқият болу маңызды рөл атқарады. Көрсеткен эмпатияңыз мықты достыққа немесе романтикалық қарым-қатынастың басталуына негіз болуы мүмкін, әсіресе қиын сәтте қолдау білдірсеңіз.

Гороскоп на неделю с 15 по 21 декабря: советы, рекомендации и другое
Фото. Аружан Әукенова.

Тауешкі

Сіз өмірлік басымдықтар мен бағдарларды қайта қарауға байланысты ішкі өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатырсыз. Жаңарған құндылықтар жүйесі өзіңізге деген сенімділікті арттырып, болашаққа батыл қарауға мүмкіндік береді әрі жеке және кәсіби дамуға жаңа жолдар ашады.

Суқұйғыш

Апталық жорамал мазасыз ойлар, күмән мен ішкі тепе-теңдіктің бұзылуын болжайды. Бұл күйді тұрақты жағдай ретінде қабылдамаңыз — ол уақытша. Жақын жандардың қолдауы эмоционалдық теңгерімді тезірек қалпына келтіруге көмектеседі, сондықтан уайымдарыңызды бөлісуден қорықпаңыз.

Балықтар

Бастамашылдық пен көшбасшылық қасиеттеріңізді көрсетсеңіз, жұмыстағы орныңызды нығайтып, мансаптық өсімге жақындайсыз. Дегенмен табыс кейде қажетсіз назарды да өзіне тартады. Жетістіктеріңізді жария етпеуге және кімге сенім артатыныңызды мұқият таңдауға тырысыңыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше