Апталық жұлдыз-жорамал: 14–20 шілде аралығында жұлдыздар не дейді?
Фото. Роман Варламов.

Апталық жұлдыз-жорамал: 14–20 шілде аралығында жұлдыздар не дейді?


Жаз шіркін зымырап барады — кеше ғана маусым басталғандай еді, бүгін міне, шілденің бел ортасына да келіп жетті. Дегенмен, әлі де уақыт бар: бұрыннан бері батылдық немесе күш жетпей жүрген істерді қолға алуға болады. Бірақ осы аптада бәріне бірден тәуекел ете алмайсыз. Толығырақ — төмендегі жұлдыз-жорамалдан оқыңыз.

Тоқты

Бұл күндері энергияңызды үнемдеуге тырысыңыз. Жаңа идеяны іске асыруға бар күшті жұмсаудың қажеті жоқ — ол алдамшы болуы мүмкін. Оның орнына бұрыннан өміріңізде бар нәрселерге назар аударыңыз.

Торпақ

Жұлдыздар сізді сабыр мен үйлесімділікке үйреткісі келеді. Апта барысында сізді төзімділікке сынайтын жағдайлар тууы мүмкін. Бастысы — абыроймен, еңсеңізді тік ұстап өтуді ұмытпаңыз.

Егіздер

Бәрін бақылауда ұстауға тырыспай, оқиғалар ағынымен бірге жүруге тырысыңыз. Өмір өзі дұрыс бағытқа апарады. Тек ішкі даусыңызды елемей қалмаңыз — ол сізге адасып кетуге жол бермейді.

Фото. Роман Варламов.

Шаян

Өзіңізге демалыс жариялаңыз. Асықпаңыз, уайымдамаңыз, бір күніңізді толық өзіңізге арнаңыз — жалғыз болғыңыз келе ме, әлде сүйіктіңізбен бірге жатқыңыз келе ме, өз еркіңіз. Дәмханаға барудың орнына үйге тамақ айтып жеу — бұл да дұрыс шешім. Жаның не қалайды — соны жасаңыз.

Арыстан

Патшадай демала беруге де болмайды. Кейде біраз тер төгіп, күш-қуат жұмсау керек. Бірақ еңбектің қайтарымы міндетті түрде болады — әсіресе сіз үшін.

Бикеш

Әлеуметтік белсенділік артады. Бұл белгідегілердің арасында көбіне интроверттер кездескенімен, жоғары күштер сізді жайлылық аймағыңыздан шығаруға тырысады. Өзіңізді толық көрсетуден қорықпаңыз — мықты, батыл және шынайы болыңыз!

Фото. Роман Варламов.

Таразы

Алдағы күндері интуицияңызға сенуге болады. Сұрақтарға жауап та, шешім де ішкі жан-дүниеңізден шығады. Басқалардан кеңес күтудің қажеті жоқ — бәрін өзіңіз жақсы білесіз. Айтпақшы, ғаламмен байланысыңызды нығайту үшін табиғатта жиі серуендеп, жалаңаяқ жер басқаныңыз жөн.

Сарышаян

Денсаулығыңызға абай болыңыз: осы аптада жарақат алу қаупі жоғары. Сол себепті денсаулығыңызға зиян тиетін жерлерден аулақ болыңыз. Оның орнына рухани немесе интеллектуалдық дамуға назар аударған жөн. Қалғанының бәрі жақсы өтеді.

Мерген

Жаңа білім немесе тәжірибе алуға құлшыныс пайда болады. Бұл қызығушылық сізді өзіңізге жат, ерекше жерлерге апаруы мүмкін. Тіпті басқа елде болу ықтималдығы да бар.

Фото. Роман Варламов.

Тауешкі

Азға келісе беруді доғарып, өмір тізгінін өз қолыңызға алыңыз. Армандаған өміріңізді өзіңіз жасаңыз — мақсатқа жетудің нақты жоспарын құрып, біртіндеп соны жүзеге асырыңыз. Тәуекел етіп, ақылмен әрекет етсеңіз, жаңа деңгейге шығу сіз үшін қиын емес.

Суқұйғыш

Айналаңызды тазартумен айналысыңыз: үйдегі артық заттарды шығарып, ескі фотоларды өшіріп, қажетсіз адамдармен қоштасатын кез келді. Қоршаған ортаңыз — ішкі күйіңіздің айнасы. Кіммен араласасыз, нені жиі қарайсыз, уақытыңызды қайда өткізесіз — осының бәрін саралап көріңіз.

Балықтар

Бұл апта эмоцияға толы болады. Бірақ сол сезімдерге толық бой алдырмай, өзіңізді тепе-теңдікте ұстауға тырысыңыз. Медитациямен айналысыңыз. Ең бастысы — шынайылылықпен байланыс үзілмесін.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше