2-8 маусым аралығына арналған жұлдыз-жорамал: жаздың алғашқы күндері қалай өтеді?
Фото. Маттиас Оггер.

2-8 маусым аралығына арналған жұлдыз-жорамал: жаздың алғашқы күндері қалай өтеді?


D дәруменіне бай күн сәулесі, желбіреген жеңіл көйлектер, жағажайдағы романтика мен теңіз жағалауындағы серуендер – бәріміз асыға күткен жаз мезгілі де сағындырып келіп жетті. Әсіресе, дәл осы маусымның алғашқы аптасы ерекше әсерлі өтетіні сөзсіз. Бұл күндер сізге қуаныш әкеле ме, әлде елеулі өзгерістер ме? Апталық жұлдыз-жорамалдан біле аласыз.

Тоқты

Қазір белсенді әрекет жасап, ойланбай шешім қабылдайтын сәт емес. Бұл аптада сабыр сақтап, таңдау еркіндігін өзгелерге беріңіз. Сіз өз ісіңізге немесе компанияңызға үлкен үлес қосып жатырсыз, бірақ кейде өзіңізге демалуға да мүмкіндік беру керек. Айналаңыздағы адамдарға, әсіресе ер адамдарға, бақылау орнатудан аулақ болыңыз.

Торпақ

Торпақтар бұл кеңес сіздерге де қатысты. Өзіңізге еркін демалу мүмкіндігін сыйлаңыз. СПА-орталығында демалып, күш жинап, жаңа маусымды сергек бастауға тамаша мүмкіндік туады. Жұмысқа байланысты үлкен серпілістің алдында өзіңізге уақыт беріңіз.

Егіздер

Бұл аптада сізді жағымды таныстықтар күтіп тұр. Бірақ оларды романтикалық бағытта емес, пайдалы кеңес ала алатын тұлғалар ретінде қабылдаған жөн. Әр сөзіне мән беріңіз — болашақта бұл кеңестер қажет болады.

Фото. Маттиас Оггер.

Шаян

Өміріңіздің бір бетін жауып, жаңа тарау бастайтын уақыт келді. Жұмыс ауыстыру, сүйіктіңізбен қоштасу немесе басқа да өзгерістер сіз үшін пайдалы болмақ. Қазір бұл өзгерістердің әсері байқалмаса да, уақыт өте келе оның оң әсерін сезінесіз.

Арыстан

Көзіңіздегі бұрынғы отты қайта жағыңыз. Ақша төлемесе де айналысар едіңіз деген сүйікті іспен шұғылданыңыз. Оған аптасына бірнеше сағат болса да арнаңыз — өміріңіз қалай өзгеріп жатқанын байқамай да қаласыз.

Бикеш

Шашыңызды жел тербеген сәттегі бостандықты сезініңіз. Ішкі балаңызды оятып, еркіндікті қабыл алыңыз. Бұған дейін тек арман болып көрінген дүниелерге қазір қол жеткізуге ештеңе кедергі емес.

Фото. Маттиас Оггер.

Таразы

Жоспарларыңыз өзгеріп, бағытыңызды толық ауыстыру керек сияқты сезім пайда болуы мүмкін. Асықпаңыз. Әрқашан бәрі біздің ойлағанымыздай бола бермейді. Бірақ көбіне бұл өзгерістер жамандықтан қорғап жатады. Сенім артыңыз.

Сарышаян

Айналаңыздағы адамдарды тек өз қалауыңызға сай әрекет етуге мәжбүрлемеңіз. Шығармашылықпен айналысатындар үшін еркіндік — басты шарт. Кейде тіпті хаос – шабыттың көзі. Егер сізге бақылау маңызды болса, еркін жандармен араласпағаныңыз жөн.

Мерген

Апта сізге түсініксіздік пен күмән сыйлауы мүмкін. Не істеу керек екеніңізді білмей, адасып жүргендей күй кешесіз. Бірақ таң ата жол айқындала бастайды. Біраз уақыт күтіңіз – барлығы орнына келеді.

Фото. Маттиас Оггер.

Тауешкі

Өзіңізге қамқор болуды үйреніңіз. Өз мүддеңізді бірінші орынға қойып, сізді бағаламайтын істерден бас тарта біліңіз. Барлығына көмектесе беруге тырыспаңыз – бұл сізге зиянын тигізуі мүмкін.

Суқұйғыш

Өзіңізді қажетсіз сезінемін деп уайымдамаңыз. Қызықтыратын нәрселер туралы сұрақ қойып, пікір білдіруден қорықпаңыз. Алдын ала барлығын біліп алу – сіздің пайдаңызға жұмыс істейді.

Балықтар

Назар аудару – мақсатқа жетудің басты кілті. Сіз үшін осы аптада көркем дүниелерге назар салу маңызды. Таңертең және кешке алғыс айтар себептеріңізді, әлемге не бергіңіз келетінін күнделікке жазып жүріңіз.




Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше