«Халқымыздың азаттығы мен ұлтымыздың тәуелсіздігі жолында жазықсыз құрбан болған боздақтар – мәңгі жадымызда!»
Жанар Дұғалова кезекті бейнебаянын саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арнады. Эстрада жұлдызы «Есімдер» атты композициясын ұсынды және осы туындыға арнайы клип түсірді. Клипте табиғат аясында қазақы нақышта киінген әншіні ғана көруге болады. Ең қызығы — өнер иесі соңғы жылдары толыққанды ресми бейнебаян түсірмеген еді.
«Қайта оралуыңызбен!» — деп қуанған тыңдармандары Жанардың декреттік демалыстан шыққанын болжауда. Инсайдерлердің мәліметінше, ҚР еңбек сіңірген қайраткері біраз уақыт бұрын ана атанған.