Замша пальтолары ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Себебі бұл материалдың асыл да айшықты құрылымы уақыт сынағынан өткен сән белгісі саналады. Кейде ол өзге маталарды да көлеңкеде қалдырып жатады. Дизайнерлер «барқыт» терімен жұмыс істеуді әлдеқашан меңгеріп, бүгінде ең алуан үлгілерді — тренчтен бастап жеңіл жамылғыға дейін — ұсынады. Матаның табиғи фактурасы әр пішінді бірдей үйлесімді етіп көрсетеді.
Өткен жылы шоколад пен коньяк реңктеріндегі модельдер ең сұранысқа ие болса, 2025 жылы сәнқойлар одан да батыл болғысы келеді. Енді сән үйлерінің топтамаларынан көгілдір, жасыл, құм түстес және бордовый түстердегі пальтоларды, сондай-ақ Miu Miu стиліндегі ерекше өрнекті нұсқаларды табуға болады.
Harper’s BAZAAR Kazakhstan дайындаған гидте сіз өз талғамыңызға сай ең сәнді замша пальтосын таба аласыз.
ducie
FENDI
Herno
Miu Miu
Nina Ricci
Nour Hammour
Proenza Schouler
SAINT LAURENT
The Row
TOTEME
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметтері.