«Утопия синдромы»: перфекционизм мансабыңызға кедергі келтіре ме?
Фото. Shutterstock.com. Автор. PeopleImages.

«Утопия синдромы»: перфекционизм мансабыңызға кедергі келтіре ме?

30 октября 2025

Қазіргі қоғамда жетістік өнімділік пен мінсіздік арқылы өлшенеді. Көп адам бәрін барынша сапалы орындауға тырысады, әсіресе жұмыста. Бірақ дәл осы ұмтылыс кәсіби дамуды тежейтінін білдіңіз бе? Психологтар бұл құбылысты «утопия синдромы» деп атайды — адам бір нәрсені мінсіз істей алмаймын деп қорқып, шешім қабылдауды кейінге қалдыратын күй.

«Утопия синдромы» деген не?

Бұл термин ХХ ғасырда пайда болған және мінсіздікке ұмтылудан туындайтын шешім қабылдауды кейінге қалдыру бейімін сипаттайды. Кәсіби ортада ол айқын көрінеді: біреулер электронды хатты сағаттап түзетеді, біреулер ойды жиналыста айтуға батылы бармайды, ал кейбіреулер жобаны ұсақ-түйегіне дейін жетілдіремін деп ұзақ уақытқа тоқтатады.

Бұл — мінсіз сәтті күту мен қателесуден қорқу. Мамандардың байқауынша, бұл синдром әсіресе әйелдер арасында жиі кездеседі, әсіресе өмірдің барлық саласында «үздік болуға» дағдыланғандарда.

«Синдром утопии»: как перфекционизм может загубить вашу карьеру?
Фото. Shutterstock.com. Автор. nampix.

Синдромды қалай тануға болады?

Бірінші белгі — сіз нақты нәтижеден гөрі бәрін мінсіз етуге көбірек уақыт жұмсайсыз. Егер әр шешім жеткілікті ойластырылмағандай көрінсе, тапсырмаларды тапсыру қиын болса және орындалған жұмысты қайта-қайта тексерсеңіз, бұл материал сіз туралы болуы мүмкін.

Мұндай күйдегі адамдар өз жетістіктеріне қуана алмайды. Табысқа жеткен соң да, бірден «тағы нені жақсартуға болады?» деп ойлап, өздерін қанағат сезімінен айырады.

«Синдром утопии»: как перфекционизм может загубить вашу карьеру?
Фото. Shutterstock.com. Автор. beanimages.

Қалай күресуге болады?

Ең басты қадам — мінсіз нәрсе жоқ екенін мойындау. Кез келген шешім тек сіздің қолыңыздағы ақпаратқа сүйеніп қабылданады. Көп жағдайда уақытында жасалған, бірақ толық емес әрекет — ұзақ күткен мінсіз шешімнен тиімдірек.

Таңдау нұсқаларын жазып, салдарын саралап, әріптестермен ақылдасу пайдалы, бірақ бір сәтте тоқтай білу маңызды. Шешім қабылданған соң, оны жіберіп, алға жылжыңыз.

Тағы бір тәсіл — командаға сенуді үйрену. Мінсіздік — жеке жарыс емес, ортақ еңбектің нәтижесі. Кейде әр қадамды бақылағаннан гөрі тапсырманы бөліп беру немесе ұжымдық шешім қабылдау әлдеқайда дұрыс.

Қателік — өсу жолының бір бөлігі

Қателесуден қорқу — утопия синдромының негізгі себебі. Алайда қателіктер — жеңіліс емес, тәжірибе. Нәтиже мінсіз болмаса да, ол сізге жаңа мәлімет пен түсінік береді. Ойланыңызшы: егер шешім сәтсіз болса, не ең жаманы болуы мүмкін? Көп жағдайда салдары сіз ойлағандай қорқынышты емес.

«Синдром утопии»: как перфекционизм может загубить вашу карьеру?
Фото. Shutterstock.com. Автор. fizkes.

Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясы қорытындылай келе, мінсіздікке ұмтылуды қойған сәтте, сізде шынайы прогреске күш пен энергия пайда болады. «Жеткілікті жақсы» дегенді қабылдау — өзіңізге деген құрмет пен жанашырлықтың белгісі. Кейде ең дұрыс шешім — бір қадам алға басу, ал оған дейінгі шексіз дайындық емес. Себебі табыс әрдайым мінсіздерге емес, әрекет етуден қорықпайтындарға келеді.

Harper's BAZAAR UK мақаласының түпнұсқасын мұнда оқи аласыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше