Old money стиліндегі жакеттер қандай болады? Бұл — түзу не қынамалы пішіндегі, түймелі классикалық модельдер. Олар ұзындығына қарай қысқа және ұзын болып бөлінеді, әрі барлығы ретро рухымен ерекшеленеді. Қазір винтаж эстетикасы сән әлемінде басты бағытқа айналғанымен, ол өзін ұстамды түрде көрсетеді. Harper’s BAZAAR Kazakhstan ұсынған бұл материалда Old money стиліндегі жакеттермен жасалған сәтті образдар жинақталған.
Мұрагерлік стиль
Бір түсті костюм — әрқашан ұтымды шешім. Оны толықтай немесе бөлек элементтермен де киюге болады. Биік етік пен күннен қорғайтын көзілдірік образға жұмбақтық пен мінез қосады.
Жұмыс көңіл-күйі
Мұндай образда Энди Сакс («Әйелдер Prada киеді») немесе Миранда («Жалғызбасты қала») кейіпкерлерін елестету оңай. Ыңғайлы, практикалық әрі ерекше. Жарқын свитер мен былғары жакет назарды үстіңгі бөлікке аударады, бірақ классикалық шалбар мен ботильондар да үйлесімнен қалыспайды.
Твид тарихы
Коко Шанель твидті мәңгілік сәнге айналдырды. Бұл материалдан тігілген жакеттер француз үйінің символына ғана емес, гардеробтағы инвестицияға да айналды. Бүгінде олар джинспен және ақ жейдемен де мінсіз көрінеді.
Классикаға құрмет
Old money стиліндегі жакеттер кез келген киіммен үйлеседі. Жібек блуза мен джинс, биік өкше және жинақы сөмке — тамаша жұп. Мұндай образбен жұмысқа да, күнделікті істерге де баруға болады.
Менің әдемі ханымым
Бұл нәзік образда қатты фактуралы материалдар — жүн мен былғары — тепе-теңдік береді. Дегенмен, силуэт әйелдік болмысты айқын көрсетеді. Үстіне үстеме қоспай-ақ, дәл осындай лукты қайталау оңай.
Ат спорты
Белді қынамалы блейзерлер биыл ерекше сұранысқа ие. Олар oversize модельдерді алмастырды. Бірақ бұл трендтің түбі — өткен ғасырдың ретро стилінде. Жоғары етік пен легинспен үйлестірсеңіз, нағыз шабандоз образы шығады.
Harper's BAZAAR UK мақаласының түпнұсқасын осында оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметтері.