Үйлену тойында жасауға болмайтын 3 нәрсе
Фото. Shutterstock.com. Автор. mvisions

Үйлену тойында жасауға болмайтын 3 нәрсе


Біз этикет маманы Диана Готцманмен тойда қонақ ретінде өзіңізді қалай дұрыс ұстау керектігі туралы сөйлестік. Оның айтуынша, мына үш ережені ешқашан бұзуға болмайды:

Ақ түсті киім кимеңіз.

Мұны бұрыннан білетін боларсыз? Кез келген үйлену тойының жазылмаған заңы – ақ киім кимеу. Әрине, егер басқа келісім болмаса. «Ақ – бұл қалыңдықтың түсі», – дейді Готцман.

Егер шақыртуда балалар көрсетілмесе, оларды өзіңізбен бірге алып бармаңыз.

Үйлену тойы – бұл қалыңдық пен күйеужігіттің ерекше күні. Сондықтан олардың қалауы бәрінен биік тұруы керек, тіпті ол сіздің жоспарыңызға сәйкес келмесе де. Иә, балаңызды ертіп барсаңыз, бала күтушіге ақша жұмсамайсыз. Бірақ егер той бала форматты балаларсыз ұйымдастырылып жатса, сол ережеге бағынған жөн. «Қонақ, үй иелерінің қалауын құрметтеуі керек», – дейді Готцман. Тек емізулі баласы бар аналарға ғана ерекше жағдай жасалуы мүмкін.

Үйлену тойында жасауға болмайтын 3 нәрсе
Фото. Shutterstock.com. Автор. mvisions

Тойда ешкімге ұсыныс жасамаңыз және өзіңізге де ұсыныс жасалуына жол бермеңіз.

Ешкім өз тойының назардан тыс қалғанын қаламайды. Әсіресе, мұндай ерекше күнде. «Бұл – күйеужігіт пен қалыңдықтың мерекесі. Олардан рұқсат сұрамай, басқа бір мейрам сәтін, мұндай ұсынысты кейінге қалдырған жөн», – дейді маман.

Сонымен, егер келесі жолы сізді үйлену тойына шақырса, балаларыңызды үйде қалдырыңыз, ақ түсті киім кимеңіз және жігітіңізге ұсыныс жасауды кейінге қалдыруын ескертіңіз.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше