Қазақтың үйлену тойының ерекшеліктері
Фото. Shutterstock.com. Автор. Vitalii Vitleo

Қазақтың үйлену тойының ерекшеліктері


Қуаныштың бұл себебі әр жерде әртүрлі өтеді. Біреу дүркіретіп, ұлан асыр той етіп өткізсе, енді келесі бірі тек жақындарының арасында, жылы отырыста атап өтеді. Кей жандар ұйымдастыруына өздері білек сыбана кірісіп, әр детальға мән беріп, барлығының ойдағыдай өткенін қалап, аса бір жауапкершілікпен атқарып шығады. Сондай-ақ, бақыт сәттерде деп санайтын жұптардың бірі кереметтей жиынның болғанын қатты қалай бермейді.

Қазақтың үйлену тойының ерекшеліктері
Фото. Shutterstock.com. Автор. berdikabuloff

Қазақтың тойларының ерекшелігі соңғы кездері жастар бұл үлкен қуанышты дәстүрлі стильде ұйымдастыруды трендке айналдыруларында. Қазақи нақыштағы ұлттық оюларды образдарына сәйкес етіп, мейрамхананың безендірілуін де түрлі оюлы өрнектермен толықтырып жатады. Айрықша көзге түсетін бұл тойдың форматы келген әр қонақтың есінде ұзаққа сақталары анық. 

Тағы бір біздің елдің тойындағы ерекшелік ол - тойбастар деуге келеді. Себебі, әр сыйлап келген қонағын құрметтеп сыймен қайтаратын біздің көңілі жайсаң, қолы ашық халқымыз, осы бір ашықтығымен өзгешеленеді. Салтанатты жиында айтылған ақ тілектің бәріне ақ ниетпен берілген сыйдың құны өте бағалы.

Қазақтың үйлену тойының ерекшеліктері
Фото. Shutterstock.com. Автор. shulers

Үйлену тойының ең әсерлі сәттерінің бірі - беташар рәсімі. Бұл салтта келіннің бетін арнайы шымылдықпен жауып қойып, ел алдына шығарып алғаш таныстырады. Беташар жырын текті ақын немесе асаба орындайды. Жыр барысында келінге күйеуінің туыстары таныстырылып, әрқайсысына сәлем салады. Біздің елдің тойының басқалардан айырмашылығы да осы болса керек-ті. 


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше