Атақтылардың жанжалға толы жастық шағы: өз беделдерін былғап алған кімдер?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Jack Fordyce

Атақтылардың жанжалға толы жастық шағы: беделдерін былғап алған кімдер?


Шоу-бизнестегі жұлдыздардың бірқатары жастайынан танымал болғанымен, өз беделдерін таза күйінде сақтай алмады. Есірткі, жанжалдар мен жүйке сырқаттары олардың мансабындағы тұрақты серіктеріне айналды. Танымал тұлғалардың даулы жастық шағы әлі күнге дейін қызу талқыланады.

Линдси Лохан

Атақтылардың жанжалға толы жастық шағы: өз беделдерін былғап алған кімдер?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Ga Fullner

2007 жылдан 2012 жылға дейін Линдси полиция бөлімшелерінің тұрақты қонағы деуге болады. Жас актриса бірнеше рет ішімдік ішіп көлік жүргізгені үшін және тіпті зергерлік әшекейді ұрлағаны үшін ұсталған. Арнайы емханаларда ем қабылдағанымен, Лохан ұзақ уақыт бойы бұзақы өмір салтынан бас тартқан жоқ.

Бритни Спирс

Атақтылардың жанжалға толы жастық шағы: өз беделдерін былғап алған кімдер?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Featureflash Photo Agency

Бритни бала кезінен-ақ фотокамералардың объекті болды. Жас екеніне қарап, көпшілік оған кешіріммен қараса да, БАҚ өкілдері оның әрбір қателігін жарыса жазды. Бірде Бритниді баласын тізесіне отырғызып көлік жүргізгені үшін аналық жауапкершілігі жоқ деп айыптады. Сондай-ақ оның шашын тақырлап тастағанын да жүйкесінің сыр беруінен деп топшылады. Осы оқиғалардан кейін әншіні есі дұрыс емес деп санаушылар көбейді.

Джейми Линн Спирс

Атақтылардың жанжалға толы жастық шағы: өз беделдерін былғап алған кімдер?
Фото. Shutterstock.com. Автор.Tinseltown

Бритнидің сіңлісі Джейми Линн де кәмелетке толмай жатып жүкті болғаны белгілі болған соң жанжалдан шет қалмады. Nickelodeon жұлдызын жұртшылық ерте жыныстық қатынасты насихаттады деген айыппен жауапсыз деп есептеді.

Тейлор Момсен

Атақтылардың жанжалға толы жастық шағы: өз беделдерін былғап алған кімдер?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Joe Seer

“Өсекші” сериалынан кейін үлкен танымалдылыққа ие болған Тейлор Момсен экранда жуас Дженни рөлін сомдағанымен, өмірде ол одан мүлде өзгеше болды. Түсірілім тобының айтуынша, Тейлор жиі дайындықсыз келіп, жұмыс барысында телефонмен сөйлесіп уақыт өткізген көрінеді. Тележүргізуші Тим Ганн оның тәртібін қатты сынға алған болатын.

Маколей Калкин

Атақтылардың жанжалға толы жастық шағы: өз беделдерін былғап алған кімдер?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Kathy Hutchins

Балалық шағында үлкен танымалдыққа ие болған Маколей Калкин жасөспірім шағында «есі ауысқан» деген атқа ие болды. Папарацци түсірген шаршаңқы әрі күтімсіз кейпі оның өмірінде тыйым салынған заттардың барын байқалтты. Кейіннен актер мұның көбісі өсек екенін айтып, есірткі қолданғанымен, ешқашан артық кетпегенін мәлімдеді. Оның бүлікшіл өмір салты ата-анасымен қаржыға байланысты болған дау-дамайдан туған-ды.

Майли Сайрус

Атақтылардың жанжалға толы жастық шағы: өз беделдерін былғап алған кімдер?
Фото. Shutterstock.com. Автор. DFree

Жасөспірім қыздардың сүйікті кумирі болған Майли 15 жасында глянец журналдың мұқабасында жалаң иығымен көрінген соң, бірден сынның астында қалды. Көптеген ата-ана бұл суретті орынсыз әрі ерсі деп есептеді.

Аманда Байнс

Атақтылардың жанжалға толы жастық шағы: өз беделдерін былғап алған кімдер?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Tinseltown

Кейбір танымалдардың жанжалға толы жастық шағы олардың мансабына біржола нүкте қоюына себеп болды. Аманда Байнс – соның бірден-бір мысалы. Ол бірнеше рет жол апатына себепші болып, есірткі мен ішімдікке тест тапсырудан бас тартқан. Соңында психиатриялық клиникада бірнеше мәрте емделуге мәжбүр болды.

Джастин Бибер

Атақтылардың жанжалға толы жастық шағы: өз беделдерін былғап алған кімдер?
Фото. Shutterstock.com. Автор. DFree

Заң мәселелеріне Джастин Бибер де жиі тап болды. Оның мінезінің қырсықтығы полициямен кикілжіңге дейін апарып, кейде ақылға қонымсыз әрекеттерге итермелейтін. Мысалы, қоғамдық жерде дәрет сындыру сынды дөрекі тәртіпсіздіктер реті.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше