Қазақстанда хит болған «Кальмар ойыны» сериалының үшінші маусымы несімен ерекшеленбек? Премьера қашан?
Фото. Instagram @squidgamenetflix

Қазақстанда хит болған «Кальмар ойыны» сериалының үшінші маусымы несімен ерекшеленбек? Премьера қашан?


«Кальмар ойыны» (Squid Game) – әлемдік феноменге айналған оңтүстіккореялық сериал. 2021 жылы Netflix платформасында жарық көргеннен туынды жаһандық аудиторияны баурап, өзіндік рекорд орнатқан болатын. Netflix ресми түрде «Кальмар ойыны» жобасының үшінші маусымы 2025 жылдың 27 маусымында жарық көретінін жариялады. Бұл кезең осымен соңғысы болмақ, әрі басты кейіпкер Сон Ги-хунның (Ли Джон-джэ) оқиғасын түйіндейді.


Екінші маусымда Ги-хунның көтерілісі сәтсіз аяқталып, оның жақын досы Чон-бэ қаза тапты. Үшінші маусымда Ги-хун ойындарды тоқтату үшін қайтадан аренаға оралады, ал «Фронтмен» (Ли Бён-хон) өзінің жоспарларын жүзеге асыруда. Сондай-ақ, жаңа маусымда Чхоль-су есімді жаңа робот кейіпкері пайда болады деп күтілуде. Еске салсақ, «Кальмар ойыны» – тек қана экшн мен драманы емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді қозғайтын терең мағыналы сериал.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше