Бет терісінің түсін теңестіріп, ұсақ әжімдерді азайтып, шаршау белгілерін жоятын түрлі ингредиенттер туралы жиі естиміз. Алайда Harper’s BAZAAR España басылымы атап өткендей, косметикалық компаниялар белсенді қолданатын, бірақ көпшілікке белгісіз бір элемент бар — ол P дәрумені. Бұл дәруменнің басты міндеті — қан айналымын жақсарту, сол арқылы теріні ынталандыру. Сондықтан ол көбінесе көз айналасына арналған кремдердің құрамына кіреді — дәл осы компонент қара дақтар мен көгерулерді азайтуға көмектеседі.
P дәрумені сонымен қатар қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиетке ие, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесінің саулығын қорғап, бос радикалдарды бейтараптандырады. Қарапайым тілмен айтқанда, ол терінің қартаю процесін баяулатады. Бұдан бөлек, бұл элемент гиперпигментациямен де белсенді күреседі. Оны тек көзге арналған кремдерден ғана емес, сонымен қатар сарысулар мен түнгі күтімге арналған құралдардан да табуға болады.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок.