Дуа Липа мен оның сүйіктісі Каллум Тернер алғаш рет жұп ретінде қызыл кілемде бой көрсетті, деп хабарлайды USmagazine. Ғашықтар көпшілік алдына бірінші рет шығуын Met Gala 2025 кешінен бастаған. Әнші ұзын, қауырсынмен көмкерілген қара көйлек және түссіз қолғап киіп келген. Модель бұл сәнді образын гауһар тастардан жасалған әшекеймен толықтырған. Ал актер классикалық ұстамды әрі талғамды образда: ақ жейде мен галстук толықтыратын қап-қара костюмді таңдаған.
Еске сала кетсек, олардың қарым-қатынасы 2024 жылдың қаңтарынан бері құпия сақталып келген еді. Желтоқсан айында жанкүйерлер әншінің саусағындағы жүзікті байқап қалған-ды. Содан бері әшекейді кейде көрсетіп, кейде жасырып жүргендіктен, ел арасындағы қауесет күшейе түсті. Инсайдерлердің айтуынша: «Олар бір-бірінен мүлде ажырамайды, бірге саяхаттайды, бір-бірінің отбасымен танысып үлгерген. Қарым-қатынастары өте маңызды деңгейде».
Әртіс әрқашан еркін болуға үйренгенменмен, сүйіктісінің жанында өзін нәзік әрі бақытты сезінеді. Жақындарының айтуынша: «Олардың арасындағы үйлесім тамаша және ару өз таңдауына толықтай риза».
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова.