Махаббатта неге жолыңыз болмайды: қай зодиак белгілері ер азаматты таңдаудан көп қателеседі?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Goksi

Махаббатта неге жолыңыз болмайды: қай зодиак белгілері ер азаматты таңдаудан көп қателеседі?


Көптеген қыздар ауыр қарым-қатынастан кейін өздеріне жай ғана махаббатта жолым болмайды деген ойды сіңіріп алады. Мінездерінде, тұлғалық қасиеттерінде, сырт келбеттерінде мін жоқ болса да. Мүмкін, мәселе сіздің ішкі дүниетанымыңызда?

Махаббатта жолдың болмауы: қандай зодиак белгілері ер таңдаудан көп қателеседі?
Фото. Shutterstock.com. Автор. fizkes

Суқұйғыш

Суқұйғыштар махаббатта көңілі қалу деген ойға мүлде жол бермейді. Себебі олар қарым-қатынасқа, тек ішкі қуаты мен эмоциясы толық болған кезде ғана қадам басады. Таңдаған серігіне әрдайым қамқорлық пен мейірім сыйлап отыралы, бұл өз кезегінде өзара махаббатқа жол ашады.

Тауешкі

Тауешкі белгісінің өкілдері берік әрі сенімді отбасылық өмірді армандайды. Оларға тек ерлі-зайыпты болу емес, жанында адал да мықты серіктестің болуы маңызды. Сол себепті көбіне дәл жастық шағында жүректері жараланып жатады.

Арыстан

Арыстандардың махаббатта жолы болмауының басты себебі - екінші жартысына деген тым жоғары талаптар. Мұндай әйелдердің жанында өзіне сенімді емес ер адамдар өздігінен қарым-қатынасты тоқтатуға бел буады.

Махаббатта жолдың болмауы: қандай зодиак белгілері ер таңдаудан көп қателеседі?
Фото. Shutterstock.com. Автор. mikeforemniakowski

Егіздер

Егіздер өте тез ғашық болады, әрі сүйіктісінен де жауаптың тез болуын күтеді. Егер қалағандай жауап болмаса, олардың мейірімі лезде ашуға айналады. Сондықтан көп сәттерде талаптарына сәйкес келетін ер адамды табу оңай емес. Төзімнің жетіспейтіні анық.

Сарышаян

Сарышаян әйелдер көбіне өз еңбегін бағаламайтын, немқұрайлы ер адамдарды таңдайды. Сол себептен, сіздерге ер адамның сөзіне емес, іс-әрекетіне назар аудару керек.

Мерген

Мергендер жүректерін голливудтық идеалдарға арнайды. Олар жанындағы қарапайым ер адамдарды байқай бермейді. Ал шын мәнінде, дәл сол ерлер әлдеқайда лайық болуы мүмкін.

Махаббатта жолдың болмауы: қандай зодиак белгілері ер таңдаудан көп қателеседі?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Miljan Zivkovic

Тоқты

Тоқты әйелдері - нағыз энергия мен оттың иесі. Көбіне бір сәттік құштарлықты мәңгілік махаббатпен шатастырады. Тек уақыт өте келе, екеуінің айырмашылығын ажырата бастайды.

Балықтар

Балықтар махаббаттың емдік қасиетіне сенеді. Сол себепті, жиі «жаман жігіттерді» немесе суық мінезді ерлерді таңдайды. Олар ер адамның өзгеріп, нәзік сезімге бой алдыруына куә болуды ұнатады. Алайда ұмытпаңыз: бәрі бұрынғы қалпына келуі мүмкін.

Таразы

Таразы әйелдердің тек асығыс шешім қабылдаған кезде ғана махаббаттан жолдары болмайды. Көбіне жалғыз қалудан қорқып, жүрегін жай ғана жолында кезіккен адамға сеніп тапсыра салады.

Махаббатта жолдың болмауы: қандай зодиак белгілері ер таңдаудан көп қателеседі?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Photoroyalty

Бикеш

Бикештер - талдауға шебер. Бірақ бұл қасиет махаббатқа келгенде еш пайда әкелмейді. Өкінішке қарай, олардың жеке бақытына апарар жолы көбіне ауыр болады. Уақыт өте жинақталған тәжірибе ғана дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.

Шаян

Шаяндар әдемі сөздерге тез сеніп қалады. Сол себепті олар жиі пайдакүнем ерлердің құрбанына айналады. Мұндай жағдайлардан сақтану үшін алдымен өзіңізді жақсы көріп, бағалай білу маңызды.

Торпақ

Торпақтар – жүрегі таза, адал жандар. Сәтсіз махаббат тарихының көшбасында үнемі кездесетіні болмаса. Өйткені әрдайым өз таңдауларын идеал көреді. Тіпті оның кемшіліктері көзге ұрып тұрса да, оған міндетті түрде ақтау тауып алады.


Аударған. Қорлан Тұрсынбекова.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше