Саяхатқа арналған ерекше әрі пайдалы лайфхактар
Фото. Shutterstock.com. Автор. Zarya Maxim Alexandrovich

Саяхатқа арналған ерекше әрі пайдалы лайфхактар


Кез келген демалыс немесе алыс сапар мұқият дайындықты талап етеді: чемодан жинаудан бастап, маршрут құруға дейін. Себебі, жолда болатын қателіктер ыңғайсыздық туғызып, қаражаттың босқа кетуіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлардан сақтану үшін төмендегі ерекше әрі пайдалы лайфхактарды есте сақтаңыз.

Саяхатқа арналған ерекше әрі пайдалы лайфхактар
Фото. Shutterstock.com. Автор. Peera_stockfoto

Кешке дейін ұйықтамаңыз

Уақыт белдеулерінің ауысуы ұйқышылдықты тудырады, әсіресе түнгі рейстерден кейін. Жаңа режимге тез бейімделу үшін кешке дейін ұйықтамауға тырысыңыз - күн батқанда ұйықтап, таңмен бірге ояну жеңіл болады.

Саяхатқа арналған ерекше әрі пайдалы лайфхактар
Фото. Shutterstock.com. Автор. baranq

Қол жүгін таңдаңыз

Егер мүмкін болса, барынша аз зат алып, тек қол жүгін ғана таңдаңыз. Бұл сізді багажды күту кезегінен және чемодан жоғалту қаупінен құтқарады.

Саяхатқа арналған ерекше әрі пайдалы лайфхактар
Фото. Shutterstock.com. Автор. RossHelen

Трекер бақылау құрылғысы

Багажыңыз жоғалып кетсе немесе ұрланса, трекер оның нақты қай жерде екенін көрсетуге көмектеседі.

Саяхатқа арналған ерекше әрі пайдалы лайфхактар
Фото. Shutterstock.com. Автор. Pixel-Shot

Сейфке аяқ киім салып қойыңыз

Көптеген туристер қонақ үйдегі сейфтерде құжаттарын немесе құнды заттарын ұмытып кетіп жатады. Мұндай жағдай болмас үшін, үйге қайтарда киетін аяқ киіміңіздің біреуін сейфке салып қойыңыз. Аяқ киімсіз кету мүмкін болмағандықтан, сейфті міндетті түрде ашасыз.

Саяхатқа арналған ерекше әрі пайдалы лайфхактар
Фото. Shutterstock.com. Автор. Gorloff-KV

Арзан әуе билеттері

Билетті ұшар алдындағы соңғы сағаттарда сатып алыңыз, үнемдеудің бір тәсілі осы. Себебі, авиакомпаниялар қалып кеткен билеттерді өте төмен бағамен сатады.

Саяхатқа арналған ерекше әрі пайдалы лайфхактар
Фото. Shutterstock.com. Автор. Anatoli Igolkin

Киімді жуынатын бөлмеде үтіктеуге болады

Көптеген қонақ үйлерде үтік болмайды. Бірақ саяхатшылардың лайфхагы: қарапайым фен немесе ыстық судың буы киімдегі қыртыстарды кетіруге көмектеседі.

Саяхатқа арналған ерекше әрі пайдалы лайфхактар
Фото. Shutterstock.com. Автор. mcroff88

Пайдалы қосымшалар

Бейтаныс елге бармас бұрын, онлайн аудармашы мен валюта конвертері сияқты пайдалы қосымшаларды жүктеп алыңыз.

Саяхатқа арналған ерекше әрі пайдалы лайфхактар
Фото. Shutterstock.com. Автор. Studio Romantic

Нөмірді тікелей қонақ үйдің сайтынан брондаңыз

Брондау платформалары әрдайым ең төмен бағаларды ұсына бермейді.

Insider ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи арқылы оқи аласыз.


Аударған. Қорлан Тұрсынбекова.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше