Үйлену тойындағы суреттерде әдемі көріну үшін не істеу керек?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Iermolovich Daria

Үйлену тойындағы суреттерде әдемі көріну үшін не істеу керек?


Қалыңдық болу - бір күнге жұлдыз атану деген сөз. Әдемі көйлек сәнді шаш үлгісі мен макияж және қайда барсаңыз да ізіңізден қалмайтын «папарацци» - яғни, той фотографтары. Бұл кейде қобалжу тудырады, өйткені суреттерде кемінде мінсіз көріну керек. Нәтижеге қалай жетеміз? Біз жауабын білеміз.

Макияжыңыз барынша табиғи болсын

Сіз той суреттерінде өзіңізді көргіңіз келе ме, әлде танымайтын қуыршақты ма? Ең жақсы бьюти-бейне — бұл «өзіңіздің ең әдемі нұсқаңыз» болу. Қарапайым тілмен айтқанда: егер күнделікті тек тон мен жеңіл жылтыр жақсаңыз, үйлену күні де тым күрделі эксперименттерге бармаған жөн. Дегенмен сақ болудың да қажеті жоқ. Мысалы, көзге нәзік стрелка салып көруге болады - бұл көзқарасыңызға жарқырау мен тереңдік береді. Сонымен қатар, визажистер бірнеше апта алдын теріні жақсылап ылғалдандыруды ұсынады. Мінсіз фото керек пе? Онда алдымен теріңіз де мінсіз болуы керек.

Үйлену тойындағы суреттерде әдемі көріну үшін не істеу керек?
Фото. Shutterstock.com. Автор. VHarasymiv

Ұсақ-түйекке назар аударыңыз

Макияж дайын болған соң, пудрамен бекітуді ұмытпаңыз және оны өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Камера объективіне әрдайым дайын болу үшін. Егер шашыңыз жоғары жиналған болса, мойныңыз бен құлағыңызға да тон жағылғанына көз жеткізіңіз. Себебі бет пен дене түсінің айырмашылығы кешкі уақытта, фотограф өз жарығын қосқанда, бірден байқалып қалады.

Фотографпен достасып алыңыз

Сіздің өзіңізді жайлы сезінуіңіз маңызды. Сондықтан фотографпен алдын ала танысқан жөн. Ол сізді, сіз оны жақынырақ білуіңіз керек. Эмоция - той суреттерін әсерлі ететін басты нәрсе. Ал эмоцияларды таспагерге ашып көрсете алсаңыз - сәтті суреттердің кепелдігі сол болмақ.


Аударған. Қорлан Тұрсынбекова.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше