Сән-салтанаттан бас тарту: 2025 жылғы интерьер дизайнының трендтері
Фото. Shutterstock.com. Автор. Followtheflow

Сән-салтанаттан бас тарту: 2025 жылғы интерьер дизайнының трендтері


Интерьер дизайнының трендтері сән әлеміндегідей жылдам өзгере бермейді. Десе де жыл сайын жаңа идеялар пайда болып отырады. 2025 жыл да бұл үрдістен тыс қалған жоқ. Қазіргі басты бағыт — үй иесінің болмысын бейнелейтін жайлы әрі дара кеңістік қалыптастыру. Бұл «тыныш сән-салтанат» сияқты танымал бағыттар мүлдем жоғалады дегенді білдірмейді. Керісінше, олар өзгеріске ұшырап, классиканы жарқын акценттермен, ал винтажды заманауи элементтермен үйлестіруге көшті. Төмендегі материалда үйді сәнді әрі жайлы етіп көрсететін бес негізгі бағыт көрсетілген.

 Интерьер арқылы ішкі күйіңді жеткізу

2025 жылы интерьер — бұл үй иесінің ішкі әлемінің көрінісі. Instagram-дағы сәнді суреттерді көшіруге деген құштарлық жойылып келеді. Оның орнына — саналы тәсіл мен даралық бағаланады. Қазіргі таңда назарда — тарихы бар құнды заттар: винтаж бұйымдар, отбасылық жәдігерлер, саяхатта сатып алынған немесе жәрмеңкеден табылған дүниелер.

Дизайнерлер жиһаздарға жаңа көзқарас ұсынады: бұрынғы кабинеттегі ескі торшер қонақ бөлмеге ауысып, әжеңіздің сандығы шағын үстелге айналуы мүмкін. Интерьер - иесі жайлы оқиғаны сипаттап тұруы тиіс. Бұрыңғайды трендтерге ілініп кетуді қажеті жоқ. 

«Сән-салтанаты жарасқан жайлылық»

Минимализм мен «тыныш сән-салтанат» енді жылы әрі жайлы сипатқа ие бола бастады. Бірсарынды шешімдерден гөрі жұмсақ текстуралар мен көңілді акценттер танымал. Дизайнерлер бейтарап базалық түстер мен жарқын бөлшектер арасындағы тепе-теңдікті табуды ұсынады. Мысалы, сәнге айналған ашық-қоңыр түсті диванды түрлі-түсті жастықтармен, ерекше текстуралы жамылғылармен немесе бірегей кілеммен жандандыруға болады.

Мінсіз жиһаз және саналы тұтыну

Үлкен жиһаз дүкендерінен товар сатып алу трендтен қалып барады. 2025 жылы басты орында. Мәселен саналы шешімдер: тапсырыспен жасалған жиһаз, қолөнер бұйымдары немесе ескі заттарды жаңғырту.

Сондай-ақ, экология мен саналы тұтынуға деген қызығушылық артып келеді. Көпшілік ескі жиһазды жаңартып, немесе оны қымбат матамен қаптап, сирек кездесетін дизайнерлік заттарды нарықтан іздеуді жөн көреді.

Дизайнерлер және шеберлермен коллаборация

Бүгінде адамдар интерьерді жай ғана әдемі ету үшін емес, шеберлермен бірігіп жұмыс істеу үшін де арнайы кәсіби мамандарды тартуда. Трендте — сәулетшілермен, дизайнерлермен, жергілікті шеберлермен серіктестік. Бұл — галереяларда кездесу, материалдар мен техникамен танысу, суретшілермен байланыс орнату деген сөз.

Сөзсіз комфорт

Негізгі басымдық — жайлы өмір сүруге қолайлы кеңістік. Дизайнерлер ыңғайсыз жиһаз бен артық сәндік шешімдерден бас тартып, жайлылық пен функционалдықты алға шығаруға кеңес береді. Интерьерде терең креслолар мен кең дивандар, түрлі текстуралы жылы элементтер: пледтер, үлпілдек кілемдер мен жастықтар көбейеді. Түстік гамма да жылына түседі — трендте табиғи реңктер: терракота, құм түстес, зәйтүн түстес және жылы шоколад.

Қазіргі заманда сәннен не кетіп жатыр?

Қазір трендтен тыс қалғандар — жаппай өндірілген жиһаз, «бір реттік» декор, мәртебе үшін қойылған бренд заттар мен екпінсіз таза минимализм.

Harper's BAZAAR AU ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз. 


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше