Қазақ халқының салт-дәстүрлері ұлттың рухани айнасы, көнеден сақталған болмысының бейнесі. Солардың бірі – қызойнақ. Бұл – бойжеткен қыздың ұзатылуына орай өткізілетін көңілді кеш, дәлірек айтқанда, қыздың құрбыларымен қоштасу сәті. Яғни, ендігі отырыста, жиындарда қыздың бір үйдің адал жары болып келетінінің белгісіне арналған қоштасу кеші.
Қызойнақтың сауықтан бөлек маңызы
Қызойнақ жай ғана той немесе ойын-сауық емес. Болашақ келіннің туған үйімен, достарымен, еркін бойжеткендік өмірімен қоштасуы. Бұрындары ән айтылып, күй тартылып, қыз-келіншектер билеп, естеліктерімен бөліскен-ді. Құрбылары келін болғалы жатқан қызға тілек айтып, естелік сыйлықтар беруі де сол кезден бастап әдемі дәстүрге айналған. Қызойнақтың тағы бір маңызы – болашақ келіннің ішкі күйінің дайындығы. Жиында үлкен апалар, келіндер мен аналар өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, болашақ жар мен ене алдындағы міндеттер жайлы айтып отырған. Керек болады ау деген ақыл-кеңестерін аямаған.
Талғамды талдамайды
Дәстүрлі қызойнақ көбіне ұзатудан бір күн бұрын ұйымдастырылған. Кейде тек қыздар ғана қатысқан, ал кейде жас жігіттер де келіп, ортақ көңіл көтерген. Бірақ басты назар – қалыңдықта: ол ортаға шығып ән айтқан, би билеген, қоштасу сөзі мен аналарынан бата алған. Бұл тек бұрын болған.
Қазір заман ағымына сай, талабына қарай қызойнақтың өтуі әртүрлі стильде қалыптасып жатыр. Талғамға байланысты жастар кешті өздеріне жақын бағытта ұйымдастырады. Бүгінгі күнде бұл дәстүр жаңа реңкке ие болған десек тура айтқанымыз. Дегенмен басты мәні – құрбылардың жүрек жарды сәттері мен қоштасу лебізінде. Қызойнақ қыздың өміріндегі маңызды кезеңнің бірінде орын алатын әсерлі жайт болып қала береді.