Қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал: күздің бастапқы кезеңінен не күтеміз?
Фото. Тиффани Мамфорд.

Қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал: күздің бастапқы кезеңінен не күтеміз?

Гүлдана Мұқан
29 августа 2025

Қыркүйек әрдайым жаңа бастама секілді сезіледі. Жарқын да қарқынды жаздан кейін энергия ретке келіп, жоспарлар айқындала бастайды. Бұл – әдеттерді қайта қарауға, істерді жүйелеуге және шынымен маңызды нәрселерге көңіл бөлуге қолайлы уақыт. Ендеше, күздің басы сізге не дайындады? Қыркүйек айының жұлдыз-жорамалы айтып береді.

Тоқты

Жұмыс саласы сізден барынша назар мен белсенділікті талап етеді. Сіздің жаңа белестерге ұмтылысыңыз басшылықтың назарынан тыс қалмайды, ал бастамаларыңыз ұжым тарапынан қолдау табады. Әрекеттерді жүйелі жалғастыру маңызды. Иә, егер көптен бері көбірек жауапкершілік алуды ойлап жүрсеңіз, дәл осы ай сізге мүмкіндік береді.

Торпақ

Қаржы мәселелерінде сақтық танытқан жөн. Шығынды ұтымды басқару мен қаражатты дұрыс бөлу тұрақтылық пен сенімділік сыйлайды. Еңбекақыңыз уақытылы болады, ал осы кезеңде жасалған инвестициялар ұзақ мерзімді пайда әкелмек. Жұлдыздар сізге болашаққа мықты қаржылық негіз құруға жол ашады.

Егіздер

Отбасылы Егіздер үшін жылы әңгімелер мен терең түсіністік кезеңі басталады. Ал бойдақ Егіздер үшін жаңа таныстықтар ықтимал, ол маңызды қарым-қатынасқа ұласуы мүмкін. Өз сезімдеріңізді жасырмай, ашық болыңыз – шынайылық үйлесімнің басты кілті болады.

Қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал: күздің басынан не күтеміз?
Фото. Тиффани Мамфорд.

Шаян

Күздің басы физикалық жағдайға көбірек көңіл бөлуді талап етеді. Тұрақты күн тәртібі мен сапалы демалыс сізге пайдалы болмақ. Жеңіл жаттығулар ағзаны шынықтырып, дұрыс тамақтану күш-қуатты сақтауға көмектеседі. Артық шаршаудан бас тартып, денеңіздің белгілеріне құлақ ассаңыз, күшіңізді қалпына келтіріп, нығайта аласыз.

Арыстан

Сіздің жылдам шешім қабылдау және тиімді жол табу қабілетіңіз табысты арттырады. Дегенмен шамадан тыс жомарттық пен ойланбай жасалған шығындар нәтижеге кері әсер етуі мүмкін. Қаржы мен жинақтың арасындағы теңгерімді сақтай алсаңыз, қыркүйек тұрақты молшылық әкеледі.

Бикеш

Сіздің басты бағытыңыз – кәсіби сала. Аналитикалық қабілет пен ұқыптылық кез келген міндетті орындауға көмектеседі. Әріптестер сенімділігіңізді бағалап, басшылық жүйелі жұмысыңызды атап өтеді. Қазір беделді нығайтып, болашаққа маңызды қадам жасайтын уақыт.

Қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал: күздің басынан не күтеміз?
Фото. Тиффани Мамфорд.

Таразы

Қыркүйекте басты шабыт көзі – қарым-қатынас. Сенім мен жылулық атмосферасы шынайы әңгімелерге жол ашып, эмоционалды жақындықты күшейтеді. Романтикаға толы сәттер ерекше мәнге ие болады. Бойдақ Таразылар үшін бұл ай өзара сыйластыққа негізделген жаңа оқиғаның бастамасы болуы мүмкін.

Сарышаян

Денсаулыққа мұқият қараған жөн. Жұмыс пен демалыстың тепе-теңдігін сақтамау шаршауға әкелуі ықтимал. Тұрақты ұйқы, жеңіл физикалық белсенділік және зиянды әдеттерден бас тарту иммунитетті күшейтеді.

Мерген

Өмірге жаңа көзқарас қалыптастыруға қолайлы кезең. Ол үшін саяхатқа шығу ұсынылады. Тіпті қысқа сапарлар да дүниетанымыңызды кеңейтіп, жаңа идеяларға шабыт береді. Жолдағы кездесулер маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал: күздің басынан не күтеміз?
Фото. Тиффани Мамфорд.

Тауешкі

Бұл кезеңде кәсібилігіңізді дәлелдеуге және беделді нығайтуға мүмкіндік аласыз. Сіздің еңбегіңіз еленіп, жүйелі қадамдарыңыз тұрақты нәтижеге жеткізеді. Қазір болашақтағы жетістіктердің іргетасы қаланады, ал оның ауқымы сіздің табандылығыңызға байланысты болады.

Суқұйғыш

Қаржы саласына жаңа көзқараспен қарайсыз. Есеп-қисап пен ұқыптылық тұрақтылықтың кепіліне айналады. Баламалы табыс көздерін табу ерекше маңызды болмақ. Қаржы тәртібі болашаққа сенімділік сыйлайды. Ұсынылған жаңа мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана білсеңіз, айтарлықтай пайда әкелмек.

Балықтар

Күздің бастапқы уақыты ішкі ізденіс мезгіліне айналады. Сізде жаңа білім алуға, рухани тәжірибелерді меңгеруге немесе өзін-өзі дамытуға қызығушылық пайда болады. Бұл процесс үйлесім сыйлап, өз күшіңізге сенімділік береді.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше