Соңғы уақытта дәл осы компонент гиалурон қышқылы мен ретинол секілді танымал бола бастады. Сондықтан да тері саулығына мән беретін жандар арасында пептидтері бар өнімдерге сұраныс жоғары. Аминқышқылдар тізбегі (олардың бірнеше түрі бар) тері жасушаларын белгілі бір функцияларды орындауға итермелейді. Бұл процесс дерманы нығайтуға, әжімдер мен ұсақ сызықтарды тегістеуге, сондай-ақ өзге де кемшіліктерді жоюға көмектеседі. Сарапшылар пептидтерді А және С дәрумендерімен бірге қолдануды ұсынады. Себебі мұндай тәсіл олардың әсерін күшейтеді.
Бүгінде пептидтерді крем, сарысу және нығайтушы концентраттар құрамынан кездестіруге болады. Ал төменде сіз өз күтіміңізге дәл қазір қосуға тиіс пептидті өнімдердің нұсқалары көрсетілген.
Medik8
Allies Of Skin
Elemis
Kate Somerville
Beauty Pie
Drunk Elephant
Sarah Chapman
The Inkey List
111Skin
Harper’s BAZAAR UK ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок.