Сарапшылар қасқа арналған гельді қолдануды тоқтатуға кеңес береді, деп хабарлайды Harper’s BAZAAR. Себебі мұндай өнім қас фолликулаларына терең сіңіп, оларды бітеп тастайды да, әлсіретіп, нәтижесінде қас түсуіне әкеледі. Сондықтан мамандар осындай күмәнді косметикалық құралдардан бас тартуға шақырады. Бұл мәселені Harper’s BAZAAR Kazakhstan зерттеп көрді.
Қас шеберлері үй жағдайында да, кәсіби деңгейде де жасалатын ламинацияның қауіпті екенін ескертеді. Қастың пішінін ұзақ уақыт сақтап тұру үшін қолданылатын полимерлер мен қоюлатқыштар да теріге ауа өткізбейді, соның салдарынан қастың жалпы жағдайы нашарлайды. Мүмкін сіз де қасты қалыптастыруға арналған мөлдір гель ішінде көптеген түскен қастарды байқап жүрген шығарсыз. Бұл процесс біртіндеп жүреді, ал қас өсуіне арналған өнімдер де әрдайым нәтиже бере бермейді. Сарапшылар құрамында спирт, ауыр балауыздар мен майлар, сондай-ақ синтетикалық хош иістер жоқ өнімдерді таңдауға кеңес береді. Мұндай құралдар қасқа күтім жасап, табиғи қалпын сақтауға көмектеседі.
Сондай-ақ гельді қолдануды тоқтатуға кеңес беретін мамандар биотин қосылған арнайы «шампуньдерге» назар аударуға шақырады. Олар шашқа немесе бет жууға арналған пенкалардан өзгеше. Мұндай құралдар терідегі майды (себумды) тиімді тазартып, жұқа қастарды зақымдамайды. Ең бастысы — оларды қолданғаннан кейін қасты қосымша қалыптастырудың қажеті болмайды, себебі қасыңыз табиғи әрі әдемі пішінге ие болады.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.