Қандай өнімдерден кенеттен шаршау пайда болады?
Фото. Shutterstock.com.

Қандай өнімдерден кенеттен шаршау пайда болады?

Гүлдана Мұқан
25 ноября 2025

Мамандардың айтуынша, кенеттен пайда болатын шаршау тек физикалық жүктемеден ғана емес, тамақ ішкеннен кейін де туындауы мүмкін. Кейбір өнімдер біздің ағзамызды энергиядан айыратыны анықталды.

Тізімнің басында – көпшілікті сергітеді деп есептелетін кофе. Алайда бұл сусынды шамадан тыс тұтыну керісінше әсер береді. Диетологтар күніне 1–2 шыныдан артық ішпеуге кеңес береді.

Қандай өнімдерден кенеттен шаршау пайда болады?
Фото. Shutterstock.com.

Антирейтингке фастфуд та енді. Гамбургер мен хот-дог сияқты тағамдардың калориясы жоғары болғандықтан, оларды қорытуға көп күш қажет. Соның салдарынан ағза энергияны жылдам жоғалтып, кенеттен шаршау сезімі пайда болады.

Қант мөлшері жоғары өнімдер қысқа уақытқа сергітетіндей әсер беруі мүмкін. Оларға тәтті газды сусындар, пирожный, торт және басқа да кондитерлік өнімдер жатады. Алайда бір сағаттан кейін адам ұйқышылдық пен тіпті енжарлық сезінуі мүмкін. Сондықтан мамандар қара шоколадты таңдауға кеңес береді.

Қандай өнімдерден кенеттен шаршау пайда болады?
Фото. Shutterstock.com.

Айта кетейік, көмірсулар мен майдан толықтай бас тартуға да болмайды. Өйткені ағзаға энергия дәл осы қоректік заттардан түседі.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше