Kidcore стилі - сән әлемінде соншалықты берік орнығып алғаны сөзсіз, тіпті трендтен түскісі жоқ. Алайда, егер сізге мұндай ойыншыққа толы, инфантильді не жасөспірімдерге тән киім үлгісі онша жақын болмаса, жемісті аксессуарлар - оған тамаша балама. Мұндай көз тартарлық акцент бейнеңізге ностальгияны, балалық шақ естеліктерін және хош иістер мен жарқын әсерлерге толы жазғы маусымды сүйетініңізді көрсетеді. Сол себепті де брендтер қиялға толы дизайн ұсынуда: абстрактілі алмұрт тәріздес сырғалар, банан формасындағы алқалар, алма қабығына ұқсайтын гвоздиктер.
Ал сіздің фавориттер тізімінде не бар? Інжір ме? Шие ме? Әлде құлпынай? Осының бәрін біздің төменде ұсынған гидімізден таба аласыз.
Harper's BAZAAR Singapore ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок.