Gorpcore стилі әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ — себебі бүгінде суық маусымда да белсенді өмір салтын ұстануға ұмтылатындар көп. Мұндай жағдайда ең сенімді серіктердің бірі – лаконикалық парка. Әдетте ол су өткізбейтін әрі жел өткізбейтін матадан тігіледі, сол себепті жаңбырдан да, аяздан да қорғайды. Қызығы, кинода дәл осындай сырт киімді кейде шағын қалалардағы қылмыстарды тергейтін детективтер киіп жүреді. Демек, олар да бұл киімнің барлық артықшылығын жақсы біледі. Harper’s BAZAAR Kazakhstan осы материалда ұзын және қысқа, еркін үлгіде және белді айқындайтын пішінде тігілген — барынша ыңғайлы әрі әмбебап парка түрлерін топтастырды. Егер сізге де минималистік парка ұнаса, дәл қазір өзіңізге лайық нұсқаны таңдауға болады.
Burberry
Canada Goose
GANNI
Givenchy
Moncler
Parajumpers
Woolrich
Yves Salomon
Moncler
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.