Коллаген шаштың тез өсуі мен жылтырауына пайдалы ма?
Фото. Shutterstock. Авторы. Eugene Partyzan

Коллаген шаштың тез өсуі мен жылтырауына пайдалы ма?

Мария Бурлака
25 ноября 2025

Бьюти әлемінде бүгінде бәрі дерлік коллаген туралы айтып жүргендей. Бұл құрылымдық ақуыз терінің, сүйектердің, бұлшықеттердің және шаштың құрылымын сақтауға қажет екенін Harper’s BAZAAR UK хабарлайды. Бұрын мамандар белсенді компонентті косметикалық өнімдердің құрамынан іздеу керек деп есептейтін. Алайда кейін ол негізінен дерманы ылғалдандыру мен қоректендіруге көмектетіні анықталды. Ал шашқа қатысты жағдай қалай? Коллаген шашқа пайдалы ма? Осы сұрақтардың барлығына Harper’s BAZAAR Kazakhstan жауап береді.

Еске сала кетсек, фибриллярлы ақуыз бүкіл ағзаның дерлік қаңқасы қызметін атқарады. Оның негізі аминқышқылдардан тұрады, олар біздің организм үшін құрылыс материалының рөлін атқарады. Дәл осы коллаген қажетті аймақтарда серпімділік пен құрылымды қамтамасыз етеді. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл компонент тіндер үшін «қаңқа» қызметін атқарып, олардың мықтылығын сақтайды.

Коллаген шашқа пайдалы ма?

Бірден айтайық — иә, пайдалы. Бірақ мамандардың айтуынша, коллагенді «сиқырлы таблетка» деп атауға болмайды. Ол көбіне шаштың өсуіне қолайлы негізгі жағдайларды қалыптастыруға көмектеседі.

Сонымен қатар көп адамда шаш түсу аутоиммунды себептерге байланысты болатынын түсіну маңызды. Мұндай жағдайда коллаген қоспалары әсер етпеуі мүмкін. Сондықтан алдымен трихолог маманға жүгінген жөн.

Сарапшылар коллагенді шаш өсіру үшін тек дәрігердің нұсқаулығымен қабылдау керектігін ескертеді. Дәл маман сіздің ағзаңызға қандай дәрумендер мен микроэлементтер жетіспейтінін анықтап бере алады. Әйтпесе, уақыт пен қаражатты босқа жұмсауыңыз мүмкін. Мұндай мәселеде кәсіби көмек көрсету — аса маңызды әрі орнын толтыра алмайтын қолдау.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше