Бір қарағанда көйлек сынды жемпірлер өзгеше әрі үйреншікті емес болып көрінуі мүмкін. Алайда дәл осындай гибридті киімдер көбінесе ең қажет әрі әмбебап болады. Әсіресе жаңбырлы, салқын күз мезгілінде трикотаждан тігілген мини мен миди үлгілер мінсіз үйлеседі. Біріншіден, олар жылы ұстап, тоңып қалудан қорғайды. Екіншіден, фактуралы әрі сәнді силуэт қалыптастырады — мұндайды әлемдік брендтер ерекше бағалайды. Қысқа модельдерді джинс немесе шалбармен үйлестіріп киюге болады — Y2K стилі әлі де өзекті. Скульптуралық формадағы көйлек-жемпірлер іскерлік түскі асқа, кездесулерге, мерекелік кештерге немесе музейге баруға әдемі жарасады. Ал кашемир мен жүннен жасалған жұмсақ модельдер көңіл-күйді көтеріп, сән мен жайлылықты қатар сыйлайды. Ең үздік нұсқаларды Harper’s BAZAAR Kazakhstan дайындаған гидтен таба аласыз.
Banana Republic
Leset
Simkhai
Cos
Reformation
Toteme
Guest in Residence
Proenza Schouler
Soft Goat
Gap
Mango
Altuzarra
Khaite
Golden Goose
Carolina K
Harper's BAZAAR мақаласының түпнұсқасын осы жерден оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметтері.