«Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жапарханов алғаш рет әке атанды. Өміріндегі ең бақытты сәтті өнер иесі оқырманымен бөлісіп, «Біз әке-шеше болдық» деп сүйінші сұрады.
Сүйікті жары Мадина Жапарханова Алдиярға көптен күткен қыз сыйлады. Кішкентай ханшайым 23 желтоқсан күні сағат 14:37-де дүние есігін ашып, жас отбасының өміріне шексіз қуаныш әкелді. Нәрестенің бойы – 54 сантиметр, салмағы – 3860 грамм. Бұл ерекше сәттің қуанышты деректерін ерлі-зайыптылар өздерінің Instagram парақшаларында жариялады. Алайда, Алдик әзірге қыздарының есімін құпия сақтауды жөн көрген.