Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова желіде ерекше қызығушылығымен бөлісті. Спортшы сырттай нәзік көрінгенімен, оның хоббиі — тапаншадан ату. Сабина дәл осы сүйікті ісін Instagram парақшасында «Girls Therapy» деп атап, атыс сәтінен әсерлі бейнежазбалармен бөлісті.
Мергендігімен көзге түскен спортшы атыс спортына ерекше қызығушылық танытатынын жасырмады. Жанкүйерлерінің «Сен сондай сүйкімдісің» деген пікірлеріне Сабина:
«Мінезіме сай хобби осы» деп жауап берген.
Сабинаның бұл қыры көпшілікке күтпеген жаңалық болғанымен, ол өзінің батылдығы мен ішкі күшін тағы бір қырынан дәлелдеді.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @altynbekova_20