Боулингтен жылан принтіне дейін: сөмкелердің басты қысқы трендтері
Фото. Spotlight. Chanel, күз-қыс 2025

Боулингтен жылан принтіне дейін: сөмкелердің басты қысқы трендтері

27 ноября 2025

Алдағы маусымда практикалық, стиль және даралық алдыңғы орынға шығады. Бұл тек өз болмысымызға ғана емес, образымызға қосатын заттарға да қатысты. Әсіресе, қысқы сөмкелердің басты трендтері де осы қағидаларға сүйенеді. Дизайнерлер мен it-girls әрі танымал классикаға, әрі өткеннің естеліктеріне көңіл бөледі. Қалай болғанда да маусымның ең басты аксессуарлары сізді Harper’s BAZAAR Kazakhstan материалында күтіп тұр.

Нөлінші жылдар стиліндегі сөмке

Алдымен айта кетерлік жайт, 2000-ыншы жылдардағы мұндай модельдер өткен маусымдағы — East-West сөмкелері трендімен тек жанама түрде ғана сабақтас. 2000-жылдардағы бұйымдардың бәрі бірдей көлденең созылыңқы емес. Ал 20–25 жыл бұрын басты жұлдыздар асқан сүйіспеншілікпен таққан сэтчелдер ірі бөлшектерімен, уақыттың әдемі іздерімен және бохо стилінің айшықты көрінісімен әйгілі.

Жоғарғы тұтқа

Жоғарғы тұтқалы сөмкелер соңғы маусымдарда танымал болып келе жатқан lady like эстетикасын тамаша айқындайды. Құрылымы анық үлгілер мінсіз тегістігімен, сыйымдылығымен және салмақты пропорцияларымен ерекшеленеді.

Жылан принті

2025 жыл — Жылан жылы, сондықтан жабайы өрнегі бар аксессуарларды әлі де таққымыз келетіні бекер емес. Текстурасы, пішіні мен реңктері маңызды емес. Ең бастысы — осы бір штрих тұтас образды жаңартса болғаны.

Сізге хат

Конверт-сөмкелер барған сайын танымал болып, бұрынғыдан да сұранысқа ие. Теріден және күдеріден тігілген үлгілер енді ережелерге бағына бермейді де, киімге қалаулы табиғилық үстейді. Олар күнделікті қолданысқа мінсіз лайық.

Боулинг ойыны

Айтпақшы, қысқы сөмке трендтерінің біразы өткен маусымнан көшіп келді. «Боулингке арналған» үлгілер сәнқойларға сондай ұнап, әзірге олармен қоштасуға асықпай отыр — себебі бар. Дөңгеленген пішін, тегіс әрлеу және берік тұтқалар ноутбуктан, спорттық форма мен косметичкадан бастап, керек десеңіз, шарлардың өзін де көтеріп жүре алады.

Harper's BAZAAR мақаласының түпнұсқасын осында оқуға болады.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше