Біз ойлағаннан әлдеқайда кішкентай әлемдік мәдени орындар
Фото. Shutterstock.com. Автор. Lionel Bonnaud.

Біз ойлағаннан әлдеқайда кішкентай әлемдік мәдени орындар


Әлемдік көрнекі жерлер, өнер туындылары, тарихи ғимараттар мен ескерткіштер көбіне біз күткеннен әлдеқайда кішкентай болып шығуы мүмкін. Төменде сіз дәл сондай жеті танымал орынды көресіз.

«Мона Лиза», Лувр, Париж

Фото. Shutterstock.com. Автор. Grzegorz Czapski.

Туристер әлемдегі ең танымал өнер туындысы үлкен әрі әсерлі болады деп күтеді. Бірақ бұл картина бар-жоғы 76,8 см ұзындықта және оның ені - 53 см ғана.

Рашмор тауы, Кистоун, Оңтүстік Дакота, АҚШ

Фото. Shutterstock.com. Автор. Lost_in_the_Midwest.

Фотосуреттерде бұл әйгілі ескерткіш әлдеқайда ірі көрінеді. Алайда бақылау алаңынан қарағанда, ол аса әсерлі емес. Біз мұндай дүниежүзілік ескерткіштер шынайы өмірде де алып көрінеді деп ойлағанбыз.

«Сиіп тұрған бала» мүсіні, Брюссель, Бельгия

Фото. Shutterstock.com. Автор. Indira Gimeno.

Бельгия астанасының символына айналған қола мүсін бар-жоғы 61 см ғана.

Үлкен Сфинкс, Каир, Мысыр

Фото. Shutterstock.com. Автор. Travel Family Adventures.

Бұл көне мүсіннің ұзындығы 72 метр, биіктігі — 20 метр. Алайда осындай ірі өлшемдеріне қарамастан, Сфинкс Хефрен пирамидасының қасында кішкентай ғана көрінеді.

Тәж-Махал, Агра, Үндістан

Фото. Shutterstock.com. Автор. Olena Tur.

Сыртынан қарағанда Тәж-Махал — көз тартар ақ мәрмәрмен қапталған сәулет өнерінің нағыз жауһары. Іші де күрделі әрі әдемі, бірақ мавзолейдің басты бөлмесі таңқаларлықтай шағын.

Хогвартс қамалы, «Гарри Поттердің сиқырлы әлемі» паркі, Орландо, Флорида, АҚШ

Фото. Shutterstock.com. Автор. Eudaimonic Traveler.

15 қабатты биіктіктегі ғимарат саябақтың көп бөлігінен жоғары көрінеді. Бірақ мұқият қарасаңыз, қамал бөліктері шын мәнінде кішірек екенін, тек оптикалық иллюзия арқылы биік етіп жасалғанын байқайсыз.

Бостандық мүсіні, Нью-Йорк, АҚШ

Фото. Shutterstock.com. Автор. FOTOGRIN.

Әрине, бұл әйгілі мүсін кішкентай емес — оның жалпы биіктігі 93 метр. Бірақ Бостандық аралына жақындай түскен сайын, мүсін фильмдер мен фотолардағыдай алып емес екенін байқайсыз.


Автор. Harper's BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. 

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше