Бай атақты адамдар сырт көзге сән-салтанатқа толы өмір сүріп жатқандай көрінеді. Алайда тіпті атақ-даңқ пен байлықтың шарықтау шегінде тұрғандар да бір сәтте бәрінен айырылып, кедейлікке душар болуы мүмкін. Біз төменде бір кездері есепшоттарында миллиондаған доллар болып, бірақ қаржылық апатқа тап болған жұлдыздардың хикаяларын жинадық.
Майкл Джексон
Поп-музыка патшасы әлемдегі ең бай жұлдыздардың бірі болды. Жеке ұшақтар, зәулім үйлер мен сарайлар, қызметшілер — ол бәріне қол жеткізе алды. Алайда балаға қатысты зорлық ісі бойынша ұзаққа созылған сот процестеріне байланысты Майкл барлық ақшасын адвокаттар мен өтемақыларға жұмсауына тура келді. 2009 жылдың 25 маусымында әнші кенеттен қайтыс болғаннан кейін, оның 500 миллион доллардан асатын қарызы бар екені анықталды.
Николас Кейдж
2000-жылдары Голливуд жұлдызы 200 миллион долларлық байлығымен мақтана алатын. Алайда Кейджден біртүрлі әрекеттер байқалды: қымбат көліктер сатып алып, жалған антиквариатқа ақша салды, бірнеше рет үйленіп, ажырасқанда қомақты өтемақы төледі. Бір сәтте оның шотындағы нөлдер күрт азайды. Дегенмен, актер есін жиып, бар күшін жұмысқа салды. Банкрот болудан аман қалғанмен, бұрынғы байлығын әлі де қайтара алған жоқ.
Майк Тайсон
Ауыр салмақтағы боксшы мансаб жолында 400 миллион доллар тапқан. Тайсон бағаға қарамай, өзіне гауһар тастар, қымбат көліктер мен үйлер сыйлап бастады. Дүниенің қызығына қатты берілгені сонша, салық, алимент, жалақы сияқты міндеттемелерді ұмыт қалдырды. Бір уақытта барлық қарызын өтеуге тура келді. Тек 2018 жылы ғана ол марихуана өндірісімен айналысатын бизнес ашып, қаржылық қиындықтан шыққан еді.
50 Cent
2000-жылдардың рэперлері де ауқатты өмір сүрді. 50 Cent өз кезінде бірнеше бизнестен тұратын нағыз империя құрған. Алайда оның құрдымға ұшырауына ашкөздік себеп болды. Алименттер мен салықтар — банкроттың классикасы. Нәтижесінде 32 500 000 доллар қарызы жұлдызды жерге түсірді. Қазіргі жағдайы сахнадағы лақап атына толықтай сәйкес келеді.
Тони Брэкстон
Жеті мәрте Грэмми сыйлығының иегері атанған әнші екі рет өзін банкрот деп жариялады. Ол бұл жағдайдың себебін жасырмай айтты: дыбыс жазу компаниясының алаяқтығы мен өз шығынын бақыламауы. Брэкстон әлі де өзінің бұрынғы атағы мен байлығын қайтара алатынына үмітті. Бірақ әзірге оның жағдайы армандағанынан алыста.
Рэпер T-Pain
Танымал рэпер кедейліктің не екенін өз басынан өткерді. Басқа атақты жұлдыздар ештеңеден тарықпай өмір сүріп жүргенде, ол баласына бургер алып беру үшін достарынан қарыз сұрауға мәжбүр болған. Ал бір кездері оның байлығы 40 миллион доллар деп бағаланған еді.
Ларри Кинг
Көпшілік білмейтін бір жайт — әйгілі жүргізуші Ларри Кинг бір кездері қаржылық тығырыққа тірелген. Бұрынғы іскер серіктесімен болған жанжал оны соңғы ақшасынан айырған еді. Алайда 1978 жылы оған жеке авторлық шоу жүргізу ұсынғанда, бәрі өзгерді - сәттілік Кингке қайта оралды деуге болады.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова.