Махаббаттан туған ән! M’Dee репертуарын тағы бір әсерлі композициямен толықтырды. Музыкант әрі продюсер «даже очень» атты жаңа трегін жарыққа шығарып, тыңдарманын қуантты.
Өнерпаз бұл жолы да ерекше қадамға барып, жаңа әнінің желідегі жарнамалық контентіне өзінің сүйіктісі — блогер Гүлсезім Хассенді түсірген. Айта кетейік, Мади мен Гука үшін бұл алғашқы ортақ жұмыс емес. Ғашықтар бұған дейін де бірнеше бейнебаянда бірге бой көрсеткен болатын.