«Мағына. Терең мағына. Дүниеге келу. Adam».
Отандық фэшн индустрияның жарқын өкілі Айнұр Тұрысбек ана атанды. Сұранысқа ие дизайнер бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жария етті.
Айнұр алғаш рет 19 жасында ана атанған болатын. Бүгінде ол – төрт баланың анасы. Еске салсақ, сән индустриясының кәсіби маманы - офицер, әскери істер саласындағы тарих ғылымдарының кандидаты, қазіргі уақытта қаржы саласының менеджері Темир Сембиновтің жары.
«Егер әлемді өзгерткің келсе — үйіңе барып, отбасыңды сүй», — деп желіде жазба қалдырған дизайнер жүктілік кезіндегі әсерлі фотосуреттерімен бөлісті. Кадрда Тұрысбек-тегінің жанұясы түгел жиналған.
Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясы нәрестеге ұзақ ғұмыр мен денсаулық тілейді. Бауы берік болсын!