Косметологтар теріні ылғалдандыру мен оның қорғаныс қабатын қалпына келтіруге көбірек көңіл бөлу керек екенін жиі ескертіп жатады. Ал сұлулық әлемінде дәл осы бағыттағы тағы бір инновациялық техника пайда болды ол — «лакировка». Бірден айта кетейік, мұнда бетіңізге желім тәрізді фиксатор жағу қажет емес. Harper’s BAZAAR España басылымы бұл процедураны үй жағдайында да жасауға болатынын жазады.
Мамандар бұл үшін сізге бетке арналған май қажет екенін алға тартады. Оның көмегімен терідегі ылғалды сақтап, дерманы құрғаудан қорғауға және оның қорғаныс қабілетін күшейтуге болады. Бұл әдіс әсіресе сезімтал және құрғақ тері иелеріне жақсы келеді. Ал майлы теріге бейім адамдарға құрғақ майларды қолданып, өз терісіне лайық ылғалдандырғыш крем таңдауға кеңес беріледі.
Неліктен дәл майлар «лакировкаға» жақсы келеді? Біріншіден, олардың құрамында қартаю процесін баяулататын және еркін радикалдарды бейтараптандыратын антиоксиданттар бар. Айта кету керек, бұл процедура тіпті розацеасы бар адамдарға да жарамды. Бірақ оны күтімге қоспас бұрын міндетті түрде дерматологпен немесе косметологпен кеңесу керек. «Лакировка» қазіргі трендтерге де толықтай сай келеді, себебі биылғы маусымда «масляная кожа» — ең сәнді әрі қалаулы тері эффекті саналады.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.