Берік неке: алғашқы кездесу кезінде не нәрсеге мән беру керек?
Фото. Pexels.com.

Берік неке: алғашқы кездесу кезінде не нәрсеге мән беру керек?

16 июля 2025

Бүгінде берік неке көптеген жұптар үшін жай ғана арман емес, нақты мақсатқа айналған. Өйткені соңғы жылдары адамдар саналы өмір сүруге ұмтылып, ең үлкен өкініш – өміріңді өз адамың емес, бөтен жанмен өткізу екенін түсіне бастады. Қарым-қатынас бойынша сарапшылар болашақ жұптасудың қаншалықты ұзаққа апаратынын алғашқы кездесулер кезінде аңғаруға көмектесетін бірнеше факторды атап өтті.

1. Бір-біріне деген қызығушылықтың болмауы

Фото. Pexels.com.

Сарапшылардың айтуынша, кездесулер – бір-бірін жақынырақ тану үшін арналған. Сондықтан тек сүйікті фильм емес, өмірге деген көзқарастарды, балаға деген қатынасты, неке туралы ойларды ашық талқылау өте маңызды. Осындай терең әңгімелер арқылы сіздерде ортақ дүниенің қаншалықты бар екенін түсінуге болады.

2. Қарым-қатынастың тым тез дамуы

Адам психологиясы алдымен жақсы әсер қалдыруға бағытталған. Сол себепті кейбір жұптар алғашқы құштарлық пен сезімге беріліп, тез арада үйленіп жатады.

Фото. Pexels.com.

Алайда мамандар кем дегенде бір жыл уақыт бірге өткізіп, содан кейін ғана қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаруға кеңес береді. Осы уақыт ішінде жұп түрлі келіспеушілікке тап болады, бұл жағдай әрқайсысын жаңа қырынан танытады.

3. Дауларды шешудің әртүрлі тәсілдері

Фото. Pexels.com.

Кез келген берік неке түсініспеушілік пен келіспеушіліксіз болмайды. Бірақ егер екі адам жанжалды шешуге ұқсас көзқараста болса, мұндай мәселелер қауіпті емес. Сондықтан мамандар даулы жағдайлардан қашпай, керісінше, өзің мен серігіңнің сол сәттегі әрекетіне мән беруге кеңес береді. Бұл – қарым-қатынастың болашағы туралы көп нәрсені айтып береді.

Insider ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Pexels.com.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше