Көктемнің соңғы айы бізге жаңа серпін әкелмек. Біріншіден, бұл кезең – жаңа мақсаттар қойып, соларға жету жолында нақты қадамдар жасауға таптырмас уақыт. Екіншіден, астрологтар пікір алмасудан қашпауға кеңес береді: бұл сізге өмірге басқа қырынан қарауға сеп болады. Үшіншіден, образбен батыл тәжірибе жасауға қорықпаңыз – мамырға арналған сәнді жұлдыз-жорамал сізге не таңдау керегін айтып береді.
Тоқты
Бәріне бірдей үлгеремін деп өзіңізді шаршатпаңыз. Маңызды істерге ғана зейін салыңыз. Астрологтар бұл айда сырт келбетіңізге ерекше көңіл бөлуге кеңес береді. Ал көңіл-күйді көтерудің ең керемет жолы – әдемі, сексуалды көйлек.
Торпақ
Пайдалы әдеттер сізді көптен жете алмай жүрген арманыңызға бір қадам жақындатады. Сонымен қатар, жұмыс бойынша қызықты ұсыныстар түсіп, жаңа мүмкіндіктер ашылуы мүмкін. Алайда қаржы саласында тәуекелге бармаған жөн. Дегенмен, заманауи аксессуар не классикалық аяқ киім – әрдайым сәтті инвестиция.
Егіздер
Кейбір жағдайлар тығырыққа тіреуі мүмкін. Ондай сәтте даналық пен сабырлылық – сіздің ең үлкен көмекшіңіз. Сонымен қатар шығармашылық шабыт пайда болып, ол гардеробқа да әсер етуі мүмкін. Өзіңізге жаңа, тіпті аздап ессіз нәрсе қажет шығар? Айталық, ерекше топ пен белдемше.
Шаян
Шаяндар үшін бұл – өзгеріс уақыты. Жаңа білім – нағыз алтынмен пара-пар. Курстарға жазылыңыз, біліктілікті арттыру жолын қарастырыңыз. Тағы бір маңызды жайт – романтика, тіпті жұмыста да болуы ықтимал. Қорытынды жасамас бұрын «жақсы-жаманын» таразылап көріңіз. Ал көрікті әрі әсерлі образ барлық жағдайда артық етпейді.
Арыстан
Арыстандар үшін сәтті кезең басталды. Қаржы, жеке өмір, достық – барлығы оңтайлы дамиды. Жақындарыңызға, әсіресе үлкен буынға көңіл бөліңіз. Үйде отбасы мүшелеріне арналған кеш ұйымдастырыңыз. Ондай кештің ханшайымы – сіз. Мұндай кешке талғаммен таңдалған блуза мен шалбар – мінсіз шешім.
Бикеш
Бикештер үшін өзін-өзі тану – басты мақсат. Көбірек өз-өзіңізбен болыңыз, медитация жасаңыз, аффирмациямен айналысыңыз. Йогаға жазылыңыз немесе өзіңізге лайықты ментор табыңыз. Ыңғайлы комбинезон – мұндай тәжірибелерде жайлылық пен сенімділіктің кілті.
Таразы
Таразылар үшін келіссөз жүргізу өнері – табыстың кепілі. Бұл қабілет жұмыс пен жеке өмірде де пайдасын тигізеді. Мамырда ірі қаржылық шешімдерден бас тартқаныңыз жөн. Бірақ әдемі сырға, алқа немесе білезік алғыңыз келсе – тартынбаңыз. Ұсақ бөлшектер үлкен әсер қалдырады.
Сарышаян
Мамырдағы сән саласына арналған жұлдыз-жорамал сіздің қара жолақтан шығып келе жатқаныңызды көрсетеді. Енді сәттілік әр қадамыңызды қолдайтын болады. Витамин тапшылығы артта қалса да, денсаулығыңызды назарда ұстаған жөн. Жайлы кроссовка киіп, ұзақ серуендеуге шығыңыз. Бұл сізге әрдайым пайдалы.
Мерген
Шабыт, керемет көңіл-күй және жағымды жаңалықтар – сіздің мамырдағы серіктеріңіз. Жоспарлаған істеріңізді жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Романтиканы да ұмытпаңыз. Қызықты түндерге арнап сексуалды іш киім алыңыз. Тіпті кездесу болмаса да, батыл образ – өзіңізге деген сенімділік кепілі.
Тауешкі
Сізде күш пен энергия жеткілікті. Үй жөндеуден бастап спортқа дейін бәріне үлгересіз. Жаттығуды да назардан тыс қалдырмаңыз. Бұл үшін кең спорттық сөмке немесе нейлон рюкзак міндетті түрде керек болады.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар үшін коммуникация – табыс кілті. Бірақ шектен тыс еркінсуге болмайды: тепе-теңдікті ұстаныңыз. Мамыр – іссапарларға өте сәтті уақыт. Өзіңізге сенімді болу үшін суперқаһарман кейпіндегі образ таңдаңыз. Классикаға сүйеніңіз, бірақ даралығыңызды ұмытпаңыз.
Балықтар
Мамырда Балықтарға материалдық құндылықтарға байланып қалмауға кеңес беріледі. Медитация жасап, қабілеттеріңізді дамытыңыз, армандауға ұмытпаңыз. Сонымен қатар иммунитетті күшейтіңіз, сүйіктілеріңізге қуаныш сыйлаңыз, өзіңізге жылы сөз айтуға тартынбаңыз. Ал көңілді көтерудің бір тәсілі – шопинг. Көктем-жаз маусымына арналған сөмкені іздеп жүрген едіңіз бе? Bottega Veneta ұсынған ерекше нұсқаларға көз салыңыз.
Фото. Пресс-офисы марок.