19-25 мамыр аралығында күйбең тіршілік пен асығыстыққа орын жоқ тыныш кезең келеді. Осы аптада ең басты қаруыңыз — сабыр мен жағдайға сырт көзбен қарай білу қабілеті. Көптеген зодиак белгілеріне төзімділік пен ұстамдылық қажет. Бірақ бұл ереже бәріне бірдей емес. Толығырақ жұлдыз-жорамалдан оқыңыз.
Тоқты
Алдағы күндері жеңіл, батыл әрі тәуекелшіл болу маңызды. Өмір ағымына ерік беріп, әр күніңізді ханшайымдай өткізіңіз. Сіздің серігіңіз дәл қазір өз жолында ерлік жасап, жүрегіңізді жаулап алуға дайындалып жүр.
Торпақ
Махаббат тақырыбындағы сұрақтарды кейінге қалдырған дұрыс. Қазіргі таңда бұл салада бәрі ойдағыдай болмауы мүмкін, бірақ қарым-қатынасты бірден үзуге асықпаңыз. Оның орнына барлық уақытыңызды жұмыс пен мансапқа арнаңыз.
Егіздер
Егер осы аптаға үлкен мақсаттар қойған болсаңыз, оны қолға алыңыз! Сіз тек өз ісіңізде табысқа жетіп қоймай, әріптестеріңізге де өсуге көмектесе аласыз. Біртіндеп табыс та арта түседі.
Шаян
Алдыңыздан онша қисынға сай келмейтін күрделі мәселелер шығуы мүмкін. Мұндайда ішкі түйсігіңізге сеніңіз — ол сізге не істеу керектігін сыбырлап айтады.
Арыстан
Шығармашылық қабілетіңізді көрсету үшін батылдау болғаныңыз абзал. Қазір креативті ойлар жоғары бағаланады. Ал сіздің ерекше идеяларыңыз міндетті түрде лайықты бағасын алады, тіпті бұл үшін сыйақыға да ие болуыңыз әбден мүмкін.
Бикеш
Өз пікіріңіздің болғаны — керемет нәрсе. Әр адам шекарасын қорғай білуі керек. Бірақ кей кездері бұл — тәжірибелі адамдардың пайдалы кеңестерінен айырылып қалуға себеп болуы мүмкін. Сондықтан ескертулерді елемей қоймаңыз.
Таразы
Бөгде адамдарға бірден ашылып сөйлеген дұрыс емес. Бұл күндері біреулер сізді алдауға немесе өз пайдасына пайдалануға тырысуы мүмкін. Қоғамдық шараларға көп бармай, жақын ортамен демалған әлдеқайда дұрыс.
Сарышаян
Айналаңыздағы адамдар сізді жарты сөзден-ақ түсінеді. Өміріңізге үйлесім, тұрақтылық пен тәртіп келеді. Уайымдаудың қажеті жоқ. Бәрі жақсы болады.
Мерген
Сізді де тыныш, сәтті күндер күтуде. Тек бұл кезеңде қарапайым болып, жетістіктеріңізді өзгелерге жария етпегеніңіз дұрыс. Тіпті достарыңызға да мақтанбаңыз.
Тауешкі
Сізге жақын адамдар — достарыңыз, туыстарыңыз, әріптестеріңіз бен сүйіктіңіз — нағыз байлығыңыз. Тіпті бейтаныс жандар да өміріңізді жарқын етіп жіберуде. Бірақ бұл жағдайды өзіңізге міндетті деп қабылдамаңыз. Алғыс айтуды ұмытпаңыз, тәкаппар болып кетпеңіз.
Суқұйғыш
Барлығы асығыстықсыз өрбісе жақсы болады. Басшылықтан өзгеріс сұрап, ұжымда өзіңізге назар аудартуға тырыспаңыз. Әр нәрсенің өз уақыты бар — сіздің кезегіңіз де жақында келеді.
Балықтар
Апта рассеяндық, ұмытшақтық пен жалқаулықты әкелуі мүмкін. Сол себепті құжаттармен жұмыс істегенде аса мұқият болыңыз. Уайымдамаңыз, бұл — тек планеталардың ықпалы. Жақында бәрі қалпына келеді.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.