Мамыр айының ортасы өзгерістерге толы кезең. Бұл барлық зодиак белгілеріне қатысты. Әрқайсысы өз мінездерінің жаңа қырларын ашады, тіпті өз-өздерімен қайта танысуы мүмкін. Тағы не күтіп тұр? Бұл туралы апталық жұлдыз-жорамал айтады.
Тоқты
Алдағы күндері жеке өміріңізде күтпеген тосын сыйлар болуы мүмкін: армандаған ер адамыңыздан романтикалық кездесуге шақырту немесе достықтан да маңызды бола алатын жаңа таныстық.
Торпақ
Бюджетіңізді қайта қарап, қосымша табыс көздерін қарастыратын кез келді. Мүмкін, жаңа жобамен айналысып немесе инвестиция салу керек шығар? Қандай шешім болмасын, алдымен тәжірибелі кеңесшілермен ақылдасқаныңыз дұрыс.
Егіздер
Ұзақ мерзімді байланыстар орнатуға таптырмас уақыт. Көпшілік шаралардан бас тартпаңыз, әсіресе, егер сізді спикер ретінде шақырса. Алдағы күндері жаңа ақпараттар мен таныстықтар ағыны күтіп тұр.
Шаян
Аптаны достарыңызбен уақыт өткізуден гөрі, отбасы ортасындағы жайлылыққа арнаған жөн. Демалыс күндерін де жақындарыңызбен бірге өткізіңіз: қала сыртына шығып немесе бірге киноға барыңыз.
Арыстан
Қазір ұжымыңызда көшбасшылық позицияңызды нығайта аласыз. Инициатива танытып, тапсырмаларды белсенді орындаңыз және тимбилдинг ұйымдастыру жайлы ұсынып көріңіз. Бұл әрі құрметке ие болуға, әрі команданы біріктіруге септігін тигізеді.
Бикеш
Қызықты ұсыныстарға дайын болыңыз. Жақын күндері сізге нағыз мүмкіндік беріледі - оны жіберіп алмаңыз. Сонымен қатар, басшылықпен лауазымыңызды көтеруге байланысты жиірек сөйлескеніңіз жөн.
Таразы
Жаңа тәжірибелерге ашық болыңыз. Өткенді уысыңыздан шығармау үшін қорқып, дамуға кедергі келтірмеңіз. Сіздікі ешқайда кетпейді, ал егер кетсе демек, жақында сізді одан да жақсы нәрсе күтіп тұр.
Сарышаян
Шынайылық - алдағы күндердегі басты қаруыңыз. Адамдарға шындықты айтыңыз, өтірікпен өмір сүрмеңіз. Себебі, алданып жүрген өзіңіз ғана. Ізгі ниетпен өмір сүру әлдеқайда жеңіл болатынына сеніңіз.
Мерген
Идеяларыңызды жүзеге асыратын кез келді! Қазір сізде энергия да, мақсатқа жетуге деген ынта да жетерлік. Сәтті пайдаланып, серіктестер табыңыз және армандаған жобаға алғашқы қадамыңызды жасаңыз.
Тауешкі
Жақын күндердегі басты тақырып - жұмыс, жұмыс және тағы да жұмыс. Бірақ көңіліңізді түсірмеңіз: сізді мансаптық өсу немесе басшылықтан сыйақы күтіп тұр.
Суқұйғыш
Ұзақ уақыттан бері алғаш рет шығармашылық шабытыңыз оянады. Энергияңызды дұрыс арнаға бағыттаңыз: курсқа жазылыңыз, креативті адамдармен танысыңыз немесе расымен ерекше ашулармен айналысыңыз.
Балықтар
Болашағыңыз туралы ойланыңыз. Қазір дұрыс бағытта келе жатырсыз ба, әлде басқалардың ізімен жүріп барасыз ба? Егер екіншісі болса - бүгіннен бастап жағдайды қайта қарастырған жөн.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова.