«Жеңіс біздікі»: Қазақстандық әнші Ерназар Жұбан «Славян базары» байқауында бірінші орын иеленді


Талантты отандасымыз Ерназар Жұбан Витебскідегі беделді «Славян базары» халықаралық байқауда бірінші орын алды. Мега жобада еліміздің намысын қорғаған музыкант 70 ұпайдың 69-ына ие болды. Ол финалда «Подберу музыку» композициясын орындап, көрермен мен қазылар алқасын тәнті еткен. Еске саласақ, 27 жастағы атыраулық өнерпаз бұған дейін Украина, Румынияда өткен халықаралық байқауларға қатысып, үздік өнер көрсеткен.

Ерназар бұл жеңісін еліне арнап, мұндай жетістігі үшін жақындары мен қолдаған жандарға алғысын білдірді. Олардың арасында әйгілі «А’Студио» тобының негізін қалаушы Байғали Серкебаевқа ерекше алғыс жазылған.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @yernazar.music

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше