Вагинальды маппинг: өз денеңізге жанасу әйел өмірін қалай өзгерте алады?
Фото. Shutterstock.com. Автор. DenisProduction.com.

Вагинальды маппинг: өз денеңізге жанасу әйел өмірін қалай өзгерте алады?


Қазіргі заманда сексуалдық тақырыбы әлі де жиі табу болып саналады, сондықтан әйелдер бір мәселемен әлі күнге дейін күресіп келеді – олар өз денесін шын мәнінде толығырақ танып-білмейді. Бұл тек сыртқы сұлулыққа немесе ләззат ала білуге қатысты емес, одан да тереңірек – өз сезімдерімен, ішкі күйімен байланыс орнатуға қатысты. Көпшілігімізге «әйел ләззаты» – бұл клиторға тез әрі сенімді жанасу деп үйретті, бірақ бізге ішкі әлемде де зерттеуге тұрарлық тұтас бір ғалам бар екенін ешкім айтқан жоқ. Оның үстіне, бұл ішкі саяхат – сенімділікке, сауығуға және үйлесімге апарар ең маңызды қадам болуы мүмкін. Әйелдің сексуалдығы – тек биология емес, ол оның тарихы, шекаралары, қорқыныштары мен үміттері. Мұның барлығы әсіресе интимдік аймақта көрініс табады – бұл аймақты біз көбіне ұялатын немесе елемейтін жер ретінде қабылдаймыз. Біз «бұзылғанбыз» деп ойлауымыз мүмкін, себебі ену кезінде ләззат ала алмаймыз немесе ол аймақтағы сезімталдық біз қалағандай емес. Бірақ вагинальды маппинг бізге ішімізде шын мәнінде не болып жатқанын сезінуге, түсінуге және қабылдауға көмектеседі.

Вагинальды маппинг дегеніміз не?

Бұл – вульва мен қынапқа саналы түрде жанасып, анатомияны жақсырақ түсіну, эмоциялық блоктарды сезіну, ұйып қалған немесе ауырсынатын аймақтарды зерттеу және өзіңіздің табиғи сексуалдығыңызбен қайта байланыс орнату тәжірибесі. Оның мәні – оргазм үшін үйреншікті қимылдардан бас тартып, өз денеңізді ұзақ уақыт бойы «сөйлетпеген» серіктесіңіз ретінде тыңдай бастау. Бұл айнамен жұмыс істеуді де, сыртқы аймақты уқалауды да, жұмсақ ішкі жанасуды да қамтуы мүмкін. Бірақ ең бастысы – бұл физикалық әрекет емес, зейін, қабылдау және құрмет.

Фото. Shutterstock.com. Автор. Pixel-Shot.

Тәжірибенің пайдасы

Тұрақты вагинальды маппинг тек сексуалдық өмірді ғана емес, жалпы өзіңізді сезінуді де өзгертеді:

• либидо мен сексуалдық энергияны арттырады;

• дене, ой және қозу арасындағы байланысты сезінуге көмектеседі;

• серіктестің жанасуынан қорқынышты азайтады;

• төсекте де, өмірде де сенімділікті дамытады;

• сезімталдықты, ылғалдануды, босаңсу қабілетін арттырады;

• эмоциялық блоктарды тануға және оларды босатуға көмектеседі;

• жерге байланыстылықты, ішкі тыныштық пен қолдауды сезінуге мүмкіндік береді.

Айтпақшы, сексуалдық жарақат алған, босанған немесе өз интимділігімен байланысын жоғалтқан әйелдер бұл тәжірибеден ерекше терең сауығу ала алады.

Фото. Shutterstock.com. Автор. fongbeerredhot.

Қалай бастауға болады?

1. Жеке кеңістік дайындаңыз

Қоңырауларсыз, шұғыл істерсіз, біреу кіріп кетеді деген қорқынышсыз. Бұл – сіздің уақытыңыз, өзіңізбен кездесу. Музыка қосыңыз, шам жағыңыз немесе жай ғана тыныштықта болыңыз. Қауіпсіздік пен оңашалық сезімі маңызды.

2. Қажетті заттарды дайындаңыз

Табиғи май қажет: қоспасыз, органикалық, суық сығымдалған болуы жақсы. Қаласаңыз айна пайдаланыңыз – бұл өзіңізді көруге көмектеседі. Міндетті емес, бірақ кейде денеге сынсыз қарауды үйренуге сеп болады.

3. Сыртқы массаждан бастаңыз

Жамбасыңызды, шат аймағын, сыртқы жыныс еріндерін сипалаңыз. Тіндердің құрылымын, тығыздығын сезініңіз. Қай жерде кернеу не ауырсыну барын байқап көріңіз. Мұны асықпай, жаңа нәрсені зерттегендей орындаңыз, себебі шынында да бұл – жаңа тәжірибе.

4. Ішкі жан дүниеңізді зерттеңіз

Дайын екеніңізді сезгенде, май жағылған саусағыңызды жайлап ішке енгізіңіз. Ішкі картаны айналдыра, сантиметрлеп «сызғандай» елестетіңіз. Әр аймақты «ләззат алу үшін» емес, қай жерде сезім бар, қай жерде ұйып қалғанын түсіну үшін зерттеңіз.

5. Денеңізге алғыс айта біліңіз

Қолдарыңызды іштің төменгі бөлігіне қойып, өзіңізге және денеңізге алғыс айтыңыз. Сезімдеріңізді күнделікке жазуға немесе жай ғана тыныштықта жатуға болады.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше