+1 ИК! Жақында алғаш рет әке атанған «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жапарханов жұбайы Мадина мен жаңа туған қызын перзентханадан алып шықты. Музыкамен қатар соңғы жылдары сценарист ретінде де танылып жүрген Алдияр қызына ерекше әрі мағыналы есім — Ұмай деп қойғанын бөлісті.
Айта кетейік, Ұмай — көне түркі мифологиясындағы басты құдайлардың бірі. Ол аналықтың, жердің және ұрпақ жалғастығының қорғаушысы саналған. Қазіргі таңда Ұмай есімі қыз балаларға қойылатын киелі ат ретінде қабылданып, «ана жатыры», «бала орны» деген мағыналарды білдіреді. Бұл есім бақыт пен берекенің, аналық мейірім мен қорғаудың символы ретінде ерекше қадірленеді.
Мифологиялық мәні бойынша, Ұмай ана — ұрпақтың амандығын тілейтін, әйелдік бастаманы және аналық құтты қорғайтын қасиетті бейне.