«Тай Батырұлы»: ALEM мен Вероника Жанғалова көпшілікке ұлының жүзін көрсетіп, ресми таныстырды

07 марта 2025

«Тай Батыр-Вероникаұлы!» Батырхан Мәлік пен жары Вероника Жанғалова тұңғышы Тайды көпшілікке ресми түрде таныстырды. Жұлдызды отбасы перзенттерінің жүзін алғаш рет көрсетіп отыр. Бұл сәт арнайы түсірілімде орын алды. Батыр мен Вероника Тайды алып, ZAMANDAS YouTube подкастына қонақ болып келген.

«Көз тиіп кетпесін, түкіріп қойыңыздар», – деген ALEM көрерменнен барынша қатты тамсанбауларын өтінді. Жас ата-ана сұхбатты дәл осы бала тақырыбына арнап, көптеген эксклюзивті жаңалықтарымен бөлісті.

Тайды алғаш көрген фолловерлер болса, кімге ұқсағанын болжап, жарыса пікір жазуда. Бірі ата-анасынан аумай қалыпты десе, кейбірі Вероника Жанғалованың туған інісіне тартқан деп ойларын білдірді.

https://www.youtube.com/watch?v=Ojshj5Ada10

Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @_zhangalova

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше