Айсәуле Бақытбек желіде ағынан жарылды. Танымал блогер әрі YouTube платформасының жүргізушісі Instagram парақшасында «сұрақ-жауап» айдарын ашып, оқырманымен сырласты. Баян Алагөзованың тұңғышы жеке өміріне қатысты көпшілікті қызықтыратын мәліметтерге жауап берді. Ал фолловер тарапынан ең жиі қойылған сауал: Айсәуле күйеуі Әлішер Қайдаровпен ажырасып кеткен бе, неге балаларын жұрт көзінен тасада ұстайды және оның ерекше хоббиі қандай?
«Мен парақшамда күйеуім мен балаларымды көрсетпеймін. Құдайға шүкір, бәрі жақсы», – деп жауап берді блогер. Айсәуленің айтуынша, жеке өмірін жұрт назарына ұсынбауы – саналы таңдау. Ол бұл шешімін былай түсіндірді:
«Ал егер олар есейген соң өздері қаламаса ше? Ал жүздеген мың адам оларды көріп, жүзін, қалауларын, жеңістерін, тіпті жеңілістерін біліп қойған болса ше? Жалпы, ересектердің бөтен балаларды көруге деген қызығушылығы мені сәл таңғалдырады», – дейді ол.
Медиа тұлғаның пікірінше, әлеуметтік желі балаларға арналмаған орта. Сондықтан ол ата-аналардың өз балаларының шекарасын сақтауы маңызды екенін атап өтті.
Айсәуле сонымен қатар өзінің қызығушылықтарымен бөлісіп, ешкім білмеген хоббиін жария етті.
«Достар, бұл сәл күлкілі шығар, бірақ менің жаңа хоббиім – Counter Strike z. Егер жақын арада стриминг бастасам, таң қалмаңыздар. Өзімді тоқтата алмаймын: балаларды ұйықтатамын да, компьютерді қосып, ары қарай – тұманның ішінде кетемін», – дейді Бақытбек-тегі.