Кейде жаңа нәрсені бастау үшін бізге бір ғана кішкентай қадам жетіспейді. Бірақ дәл сол қадамды жасау қандай қиын! Мұндай жағдайда сізді шабыттандыратын кітаптар көмекке келеді. Бұл кітаптардың авторлары — табысты болудың жолын жақсы білетін тұлғалар. Себебі олар өз кеңестері мен формулаларын өмірде өздеріне сынап көрген.
Чарлз Дахигг «Әдет күші»
Біздің күнделікті өміріміздің шамамен 40%-ы әдеттегі және рутиналық әрекеттерден тұрады. Ал егер сол зиянды немесе «жаман» әрекеттерді пайдалы әрі «жаңа» нәрселермен алмастырсақ, не болатынын елестетіп көріңіз. Чарлз Дахигг мұндайда не істеу керектігін жақсы біледі.
Вик Джонсон «52 дүйсенбі. Бір жылда кез келген мақсатқа қалай жетуге болады»
Бір жылдың ішінде өміріңізді түбегейлі өзгертуге болады. Әсіресе, егер нақты әрекет жоспарыңыз болса. Бұл — «дүйсенбіден бастаймын» деген сөз тек уәде ғана емес, нақты әрекетке айналатын жағдай.
Дэвид Шварц «Ауқымды ойлау өнері»
Бизнестегі сатылымды арттыру, табысты болу, өз аудиторияңды жаулап алу, өзіңді табу және қалаған бақытыңа жету — мұның бәрі ауқымды ойлауды үйренгендер үшін мүмкін нәрсе.
Мэг Джей «Маңызды жылдар. Неге өмірді кейінге қалдыруға болмайды»
20-дан 30 жасқа дейінгі кезең — адамның өміріндегі ең маңызды уақыттардың бірі. Дәл осы уақытта өзіңізге және жеке дамуыңызға инвестиция салу қажет.
Даниэль Канеман «Ойлан баяу… шешімді тез қабылда»
Шешім қабылдау мен нақты әрекет ету арасындағы уақыт неғұрлым қысқа болса, соғұрлым қалаған нәтижеге тезірек жетесіз.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. Суреттер.