Режиссер Әділхан Ержановтың «Дала қасқыры» фильмінің ағылшын тіліндегі трейлері жарық көрді

14 марта 2025

«Steppenwolf» немесе «Дала қасқыры» фильмі енді ағылшын тілінде! Режиссер Әділхан Ержановтың авторлық туындысы шетелдік нарыққа ұсынылмақ. Бұл жағымды жаңалықты киногер өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Басты рөлді Берік Айтжанов сомдаған бұл фильм бұған дейін “А” санатындағы халықаралық кинофестивальдерде көрсетіліп, жүлделі орындарға ие болған. Ал әлемдік прокаттың алғашқы нүктесі – Ұлыбритания. Фильмнің көрсетілім саны шектеулі.

https://www.youtube.com/watch?v=k6bdgV-CoY4

Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Автор. Анастасия Анишева

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше