Отандық авторлық туынды Лос-Анджелесте өткен халықаралық кинофестивальде қос жүлде иеленді


Отандық авторлық туынды «А» санатты кинобәйгеде үздік шықты. Режиссер Айжан Қасымбектің «Мадина» көркем фильмі Лос-Анджелесте өткен «40th VC Film Fest» халықаралық фестивалінің басты номинацияларын жеңіп алды. Ол «Әділ қазылар таңдауы»  мүсіншесі және картинада басты рөлді сомдаған Мадина Ақылбекова «Үздік актриса» деп танылды.

Режиссер Айжан Қасымбек таспалаған авторлық жобаның әлемдік прокаттағы тұсауы өткен аптада Жапониядағы «Tokyo International Film Festival»-да кесілген болатын. Фильм - құндақтаулы шақалақпен жалғыз қалып, бірнеше жұмысты қатар істейтін жалғыз басты ананың ғұмырын суреттейді. Оқиға актриса Мадина Ақылбекованың өмірінен алынған шынайы тағдыр.

https://www.youtube.com/watch?v=q17RA5HH-hU&t=2s

Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @madinamovie

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше